Пятница, 18 июня 2021 16:56

ӘКЕ – АСҚАР ТАУ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Маусымның үшінші жексенбісі – Халықаралық әкелер күні. Бұл мерекені 1929 жылы АҚШ-та миссис Доддтан енгізген. Ол аталған мерекені 6 баланы тәрбиелеп жеткізген жалғызбасты әкесіне арнайды. Қазіргі күні мереке әлемнің 80-нен аса елінде кең ауқымда тойланып келеді. Өңірде аталған мереке қарсаңында жалғызбасты әкелерді қолдау акциясы өтті.

Осыдан 3 жыл бұрын ішімдікке салынған ана балаларын тастап кетеді. Кейін ол ата-ана құқығынан айырылған.  Алимент төлеуге міндетті болса да, бүгінгі күнге дейін еш көмек көрсетпеген. 4 баланы әкесі жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отыр. 

АЛПЫСБАЙ ҚОЙТЕНОВ, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ӘКЕ Мен войлочный фабрикада чистильщикпін. Мен сағат 5-тен кешкі 9-ға дейін жұмыстамын. Суббота-воскресенье демалам, қалған күндері жұмыс. Осылай көмектесіп тұрады, киіммен, тамақ жағымен. Рахмет бәріне. Ешқандай өкпе-реніш жоқ. Бәрі жақсы.

Мереке қарсаңында «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі ана орнын алмастырып жүрген жалғызбасты әкелерге азық-түлік себетін апарып, қолдау білдірді. Бұл игі бастамаға «Зекет» қайырымдылық қоры, Әділет департаменті, облыс еріктілері де ат салысты.

САМАТ САЙДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ  Біздің елімізде бұл мерекенің тойланып жатқанына көп болған жоқ. Әке деген ұл бала үшін жақсылыққа жол сілтеуші болса, қыз үшін бар армандарды орындайтын сиқыршы. Әкелер күні қарсаңында біз балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкелерге бардық. Әр отбасыға қолдан келген көмегімізді танытып, мерекемен құттықтадық. Өкінішке орай, қазіргі қоғамда отбасына қамқор болып отырған жалғызбасты әкелер көп кездеседі.

Әрбір әке балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіре алады.  Сол себепті де әр шаңырақта әкенің орны ерекше.

kokshetautv.kz

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 245 раз