Топ новостей
Четверг, 10 июня 2021 15:55

АУДАНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Аршалы ауданында соңғы үш жылда оқушылар саны 10 процентке артқан. Сәйкесінше, білім ошақтары да көбейіп келеді.  Мәселен, бүгінде ауданда 300 орынға шақталған 2 мектеп салынып жатыр. Сондай-ақ, білім ошақтарын жаңарту жұмыстары да қарқын алған.

Бұл аудан орталығындағы №2 мектеп. Іргетасы 1962 жылы қаланған.  Келесі жылы мектепке тура 60 жыл толады. Қазіргі таңда мұнда 370 оқушы білім алады. Мектепте 46 адам жұмыс істейді. Соның 31-і мұғалім. Өткен жылы оқу ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

ИРИНА СЛОБОДЯНЮК, АУДАНДЫҚ № 2 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ  Былтыр «Ауыл ел бесігі » бағдарламасы аясында  264 млн. теңге бөлініп, мектепке толығымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни, мектептің шатыры ауыстырылып, ішкі жылу жүйелері жаңартылды. Сондай-ақ, қабырғалары мен төбелері, едендері қайта салынды. Қазір мектебіміз жылы, жарық. Өте қуаныштымыз.

Мектептің техникалық базасы да жыл санап нығайып келеді. Қазіргі таңда білім ошағы 74 процент компютермен жабдықталған.

ТАТЬЯНА МУРАВСКАЯ, МҰҒАЛІМ  Бізде осы компютерлердің біразы қашықтан білім алған оқушыларға үлестірілді. Сондай-ақ, мектепте заманауи интерактивті тақтарларда бар. Осы жылы бізге арнайықаржы бөлінді. Соған мектепке жаңа жиһаздар аламыз деп жоспарлап отырмыз. Жоба құны 10 млн теңге.

Сонымен қатар, ауданда осы жылы тағы қос мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Ол Бұлақсай ауылындағы Абай атындағы орта мектеп және Жұмабек Тәшенов атындағы білім ошағы.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 214 раз Последнее изменение Четверг, 10 июня 2021 15:57