Четверг, 10 июня 2021 12:50

Көкшетауда шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің қатары артып келеді – қала әкімі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетау қаласының экономикалық-әлеуметтік дамуына шағын және орта бизнестің рөлі маңызды. Бүгінде қалада 16 400 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері 61 жаңа жұмыс орны пайда болды. Бұл туралы аймақ дамуының өзгерістеріне арналған брифингте қала әкімі Бауыржан Ғайса жеткізді,-деп хабарлайды “Aqmola News”.

Бүгінгі таңда ел үкіметі шағын және орта бизнесті қорғау бойынша пәрменді қадамдар жасауда.

Нақты айтқанда, бизнестің мүдделерін қорғау үшін Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен ынтымақтастық туралы Меморандумға және бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Ұлттық палата бизнесті қорғау функцияларын іске асыру үшін қажетті құралдарды жүйелі негізде құруда.

Шағын бизнес субъектілерінің қызметінен бюджетке түсетін түсімдер сомасы жеті миллиардқа жақындады. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 59,4 пайызға ұлғайды,-деді қала әкімі журналистермен кездесу барысында.

Бөлшек тауар айналымының көлемі  де артып 46 миллиардқа жақындады, бұл –  өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 100,1 пайызға өсті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 140 раз