Среда, 09 июня 2021 15:45

ЖАСТАР - ОТАНҒА!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысында жастардың саны 153 мыңды құрайды. Бұл облыс тұрғындарының 20 проценті. Өңір басшысы Ермек Маржықаев «NurOtan» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесінде «Жастар-Отанға!» бағдарламасының 2025 жылға дейінгі жол картасын бекітті. Сондай-ақ, облыс әкімі партияның қоғамдық қабылдауында өңір тұрғындарымен жүздесті.

2020 жылы өңірде жастар саясатына 468 млн. теңге жұмсалған. Жастар саясатының басым бағыты – жұмыспен қамту. Өңірдің 29 жасқа дейінгі тұрғындары арасында жұмыссыздық 3,4%-ті құрап отыр. 2025 жылға дейін облыс аумағында  2800 студенті жатақханамен қамту көзделген. Өңірде волонтерлікпен 3 мыңнан астам жас ақмолалық айналысады. Облыс депутаттарының 25 проценті, яғни, 53-і жастардың қатарынан сайланған.  Партияның саяси кеңесі отырысында 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы бекітілді.

СҰЛТАНБЕК БЕКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  «Жастар-Отанға!» жол картасы 6 бағыт бойынша  нақты 60 шараны қамтиды. Олар 27 индикатор бойынша бағаланады. Әр бағыттың түпкі мақсаты, нақты көрсеткіштері жазылған. Жұмыспен қамту бағыты бойынша біз 2025 жылға дейін 32 мың 500 жас маманды еңбекпен қамтуды жоспарлап отырмыз. Жол картасы аясында әр жыл сайын алты жарым мың маманның жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеміз.

«Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев қоғамдық қабылдауға келген өңір тұрғындарымен жүздесті. Людмила Третьякова облыс әкімімен соңғы 7 жыл бойы таныс. Ермек Маржықпаев мүгедек жанның ұзақ жылдар бойы жалғасқан баспанасынан айырылу қаупі сейілгенін айтып қуантты. Партия өкілдері банкпен келіссөз жүргізіп, пәтердің құжатын қайтарды.

ЛЮДМИЛА ТРЕТЬЯКОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Не дегенмен қандай болмасын мәселе шешімін табады. Бастысы адамдарға шыдамдылық таныту қажет. Мәселеңізді дұрыс баяндап, өзіңіздің ұстанымыңыздың дұрыстығын дәлелдей білу керек. Түптеп келгенде осылай жасай білген адам жеңіске жетеді деп ойлаймын. Мысалы мен Қазақстанда әділдік үстем болатынына көз жеткіздім. Ел Президентіне, облыс әкіміне алғыс айтамын.

Денсаулық сақтау саласының үздігі, пульманолог дәрігер Бағлан Сейітмұғамбетова биыл мемлекеттен алған жалдамалы пәтерін өз меншігіне рәсімдеуі тиіс еді. Алайда, белгіленген мерзім короновирус індетінің өршіген шағына тұс келіп, уақыт өте құжат рәсімдеуде қиындық туындаған. Ал,  Валерий Чернышев электронды мүгедектер арбасына қажетті бөлшек тауып беруге көмек сұраған. Қабылдауға келген тұрғындардың мәселесі толық шешім тапты.

kokshetautv.kz

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 213 раз