Топ новостей
Среда, 09 июня 2021 15:41

«ӨЗГЕШЕ ШЫНАЙЫЛЫҚ» ЭКО-АРТ-ЭКСПОЗИЦИЯСЫ ӨТТІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

5 маусым  - 1972 жылы БҰҰ бекіткен дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Осыған орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Өзгеше шынайылық» атты эко-арт-экспозициясы өтті. «Қоғамға қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын насихаттап,  экологиялық сауаттылықты қалыптастару -басты мақсатымыз»-, дейді іс-шараны ұйымдастырушылар. Толығырақ тілші материалында.

Жаһандану жайлаған қоғамда табиғи ресурстар азайып, қоршаған орта ластанғандықтан адамзат үшін «жасыл экономикаға» көшу міндеті тұр. Қоқыс – адамзат барда таусылмайтын қор. Осы шикізат көзін тиімді пайдалана отырып, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі. 

ДАНА СҰЛТАН, ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ Барлық нысандар қалдық материалдардан жасалған. Яғни, әдетте адамдар қоқыс есебінде тастайтын материалдардан біз осындай жұмыстар жасап шығарамыз. Әр адам басынан тұрмыстық қоқыс мөлшері күн санап артып келеді. Ғалымдардың пайымдауынша , бір адам басынан жылына орта есеппен 550 кгға жуық қоқыс бөлінеді.  біздің қалада қоқысты жинау және сұрыптау жұмыстарымен айналысатын LS компаниясы жұмыс істейді .  Яғни, олар қоқысты жинап, Ресей Федерациясына өндіріс жұмыстарына жібереді.

Қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау– адамзаттың басты міндеті. Сондықтан аталмыш іс-шараға мектеп оқушыларынан құралған еріктілер тобы да белсене қатысты.

ДИНА КЕНЖЕГҮЛОВА, ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКОЛОГ-МАМАНЫ  Көптеген елдерде жыл сайын өткізілетін мерекеге орай акциялар жүргізіледі.  Бүгінгі біздің өткізіп отырған шарамыздың мақсаты- балаларды жинап, көрме өткізу. Балалар алаңда сурет салды. Қоғамға  қоршаған ортаны таза ұстап, экологиялық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жүргіздік.

Әлемдегі тәжірибелерге сүйенсек, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея сынды «жасыл экономика» қағидаттарын ұстанған мемлекеттерде тұрмыстық қалдықтар – табыс көзі. Бұл елдерде үйіліп жатқан қоқыс үйінділерінен түрлі бұйымдар шығарылып, күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдер төрткүл дүниеге таралады.

kokshetautv.kz

КАМИЛА ӘБДЕЛМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 180 раз