Топ новостей
Среда, 09 июня 2021 15:25

ЕЛІМ ДЕП СОҚҚАН ЕГІЗ ЖҮРЕК

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Елім деп соққан егіз жүрек. Дәл осындай атаумен өңірде жаңа жинақ жарық көрді. Аталмыш кітап белгілі қоғам белсенділері Мейрамбек Қиықов пен оның марқұм жары Зере Еспайқызынның өмірі мен шығармашылығына арналған. Қос тілде жарық көрген жинақтың авторлары аймаққа аты таныс қарымды қаламгерлер Байқал Байәділов пен Дәулет Ахметжанов. Облыстық Мағжан Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада жаңа жинақтың тұсауы кесіліп, оқырмандар назарына ұсынылды.

Жарты ғасырдан астам уақыт отасқан Мейрамбек Қиықов пен Зере Еспайқызының өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмыры көпке үлгі. Олар қазақтың ұлттық құндылықтары мен ұлттық ойындарын дәріптеуде тынымсыз еңбек етті.

МЕЙРАМБЕК ҚИЫҚОВ, «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Біз өмір бойы қара басымызды ғана ойламадық. Үй болса екен деп, қымбат көлік алсақ екен деп, биік сарай салсақ деп ойлаған жоқпыз. Ең бірінші елге қызмет етуді ойладық.

Айталық, қос тілде жарық көрген кітаптың қазақшасы Байқал Байәділов құрастырған. Қарымды қаламгер осы уақытқа дейін тіл жанашыры Мейрамбек Қиықов туралы «Жоқ іздеген жолаушы» атты ғұмырбаяндық очерк жазған. Сол еңбекті жазу барысында жазушы кейіпкер бойынан әдемі бір әлемді танып, тағы бір жинақ құрастыруға бел буған.

БАЙҚАЛ БАЙӘДІЛОВ, ЖУРНАЛИСТ-ЖАЗУШЫ Бұл кісілер бірнеше баянды бастамаларды көтерді. Сол бастамаларды түбіне дейін жеткізіп, зерттеген жандар. Бұл еңбегі ең алдымен ұлт тәрбиесі, келешектің жағдайын қамдау төңірегінде топтасқан ізгілікті ой ниеттер. Жинақ барысында ұлт болашағының кәдесіне жарайтын,ғасырлар қойнауында қалғып кеткен салт-дәстүрлерді тірілтіп, жас ұрпақтың бойына сіңіру сынды ұлы міндеттер баяндалады.

Қос қаламгердің төл туындысына жиналған қауым мен жергілікті ақын-жазушылар да жоғары баға берді.

СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, АҚЫН, «КӨКШЕТАУ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ  Марқұм Зере апайымыз бен Мейрамбек ағамызды көптеген қоғамдық жұмыстардан көрдік қой. Дегенмен, қанша білдік десекте осы кітапты оқығаннан кейін олардың балалық шақтарын, өмірден көрген қиындықтарын, осы күнге қалай жеткенін авторлар жақсылап тұрып ашқан екен. Тәлім аларлық тұстары көп.

Шара барысында жинаққа арқау болған қоғам белсенділерінің өмірі жайлы бір үзік сыр шертіліп, естеліктер айтылды. Сондай-ақ, Мейрамбек Қиықов шаһардағы барлық кітапханаларға және кешке қатысқан Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттарына жаңа жинақты сыйға тартты.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕРІК МАНАП

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 200 раз