Топ новостей
Среда, 09 июня 2021 15:16

30 ЖЫЛ. ЭКОНОМИКАСЫ ЭКСПОРТҚА БАҒЫТТАЛҒАН АУДАН

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылында экономикалық толайым табыстарға қол жеткізген ауданның бірі –Жақсы өңірі. Аудан 1 млн. гектарға жуық аумақты алып жатқан әкімшілік бірлікте егін және мал шарцуашылығы өрістеген. Аудан агроөнеркәсіпті дамытып, азық-түлік түрлерін терең өңдеуге бет бұрған. Мұның нәтижесінде ауданда республикалық деңгейдегі көшбасшы кәсіпорындар шоғырланып, өңір экономикасы экспортқа бет бұрған.

Жақсы ауданы 1955 жылы тың игеруге байланысты құрылған. Өңірдің негізгі экономикалық бағыты ауыл шаруашылығы. Ауданда 20 мыңға жуық тұрғын 14 әкімшілік бірлікке қарасты 27 елді мекенде қоныстанған. Тәуелсіздік жылдары аудан ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеп, үстеме құн арқылы табыс табуды мақсат етті. Бұл мақсатқа қол жеткізген кәсіпорынның бірі - «Урожай» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі. Бұл серіктестікте астық өнімдерін сақтау және өңдеу жүзеге асырылады. Кешен үш элеватор, үш диірмен және комбикорм зауытын қамтиды. Нысанның өнімі қазақстандық бренд «Алтын сапа» номинациясының жеңімпазы.

ҒАБИДЕН БРАЛИН, «УРОЖАЙ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 1999 жылдан бері біздің кәсіпорын астық өңдеумен айналысады. Қазір бізде жалпы қуаты мың тоннадан асатын 3 ұн диірмені, қоспажем әзірлеу зауыты бар. Одан бөлек 2019 жылы біз астық жармасын әзірлеу зауытын іске қостық. Шикізатты өз астық алқабымыздан аламыз. Біздің бастапқы мақсатымыз барлық  егіс алқабынан алған өнімімізді өңдеп, үстеме құн қосып нарыққа ұсыну болды. Қазір біз бұл мақсатқа қол жеткіздік. Нысанда 240-қа тарта жұмысшы еңбек етеді. Орташа жалақы 160-180 мың теңге шамасында.

2014 жылы «Урожай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ТМД мемлекеттері арасында ең ірі астық өңдеу нысандарының ресми тізіміне енді. Сонымен қатар, «ТНК агрофирмасы» құрамына енетін өзге де 5 нысанда соңғы жылдары жалпы көлемі 60 мың тонна  астық сақтау қамбаларының құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде бұл барша аудан бойынша өндірілетін  астық көлемін толық қамтамасыз етті.

30 жылда ауданның мал шаруашылығы да өрістеген. Өңірдегі іргелі жетістіктерімен танымал өндіріс өнеркәсібінің бірі - «Айбат» серіктестігі. Мұнда тәулігіне 20 тонна сүт өңдеуге қауқарлы заманауи құрылғылар қолданылады. Кәсіпорын голланд технологиясы бойынша ірімшік өндіреді. 

ГАЛИНА ВАЛАБУЕВА, СҮТ ЦЕХЫНЫҢ БАС ТЕХНОЛОГЫ Біздің жұмысымыз кәсібилікті талап етеді. Қол еңбегі көп. Мысалы, ірімшікті өндіру үшін 45 күн керек. Күн сайын оны аударып, сылап отырамыз. Кейін дегустация жасаймыз. Ірімшікті жас баладай баптаймыз. Бізді голландиялық шеберлер осы іске баулыды. Сүт өте көп білімді қажет ететін шикізат. Онымен жұмыс істеу үшін бұл жұмысты жақсы көру керек. Тек ірімшік қапйнатудың өзі 6 сағатқа созылады. Оның температурасын араласып тұруын үздіксіз бақылау қажет.

2010 жылы «Айбат» серіктестігінің ірімшігі «Қазақстанның үздік тауары» номинациясының жеңімпазы атанды. Аудандағы «Белағаш», «Новокиенка», «Жаңа-Жол» асыл тұқымды мал шаруашылықтары облыстың озық кәсіпорындары қатарынан. Тәуелсіздіктің 30 жылында аудан өсімдік және мал шаруашылығын, шағын және орта бизнесті өрістете білді. Алдағы мақсат ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу және экспортқа бейімдеу. Қазірдің өзінде Жақсы ауданының өнімдері Орталық Азия, Ресей, Таяу Шығыс елдерінде және Қазақстанның ішкі нарығында үлкен сұранысқа ие. 

kokshetautv.kz

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 189 раз