Среда, 09 июня 2021 12:45

Ақмола облысының Целиноград ауданында алты мектептің құрылысы жүргізілуде

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысының Целиноград ауданында алты мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылы үш ауысымды оқытуды жою мақсатында Қоянды ауылында 1200 орындық, Қажымұқан ауылында 300 орындық және Қарамеңді батыр ауылында 120 орындық үш мектептің құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы тағы төрт нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл Қосшы ауылындағы 1200 орындық, Арайлы ауылындағы 300 орындық, Өтеміс ауылындағы 120 орындық және Раздольное ауылындағы 80 орындық мектептер. Сондай-ақ, Қосшыда 1200 орындық тағы екі мектептің құрылысы жүргізілуде, бұл оқушы орындарының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Жалпы, үш ауысымды мектептер мәселесі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы екі жылда шешілетін болады.

«Ауданның орта білім беру жүйесінде 48 мектеп жұмыс істейді, оның 46-ы жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп те, 2-уі жеке меншік мектеп. Оқушылардың жалпы контингенті 26 мыңнан астам оқушыны құрайды. Ауданның барлық мектептері бейнекамералармен жабдықталған, интернет желісіне ашық қолжетімділікке ие, барлық пәндік кабинеттер компьютерлік техникамен жабдықталған, ауданда 3 робототехника кабинеті жұмыс істейді, барлық мектептерде ІТ-сыныптар ашылды», - деді ведомстводан.

Өткен жылы мемлекет бөлген қаражат есебінен 4271 дана компьютерлік техника сатып алынды. Оқушыларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін «Білім» тарифтік жоспары бар 1178 роутер сатып алынып, таратылды.

«36 мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 1067 бала үшін инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. 11 мектепте 232 баланы қамтитын логопедтік пункттер жұмыс істейді. Қоянды ауылында 9 баланы оқытумен 1 түзету сыныбы жұмыс істейді. Сонымен қатар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 74,9 пайызды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100 пайызды құрайды», - деп толықтырды аудан әкімі.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 147 раз