Четверг, 13 мая 2021 18:59

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» конференциясының қорытындысы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» атты облыстық конференция ұйымдастырды.

Оған Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Аталмыш іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі маңызды идеялары мен игі бастамаларын, стратегиялық құжаттарын зерттеу және бағалау. Байқауда Қорғалжын, Атбасар, Зеренді аудандарының, Көкшетау, Степногорск қалаларының оқушылары белсенділік танытты. ⠀
Қатысушылар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жұмыстары бойынша ұсынылған бағыттардың бірін таңдап, қазақ немесе орыс тілінде жазылған өздерінің баяндамаларын ұсынды.

Жұмыстар Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының іске асырылуы; Тәуелсіздік – Қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы: Қазақстанның жолы – эволюциялық даму; Индустриалды-инновациялық экономиканы құру: жетістіктері мен болашағы; Тәуелсіз Қазақстанның мәдени жетістіктері (білім, ғылым, өнер, рухани даму, ұлттық құңдылықтар). Адам капиталы – ең басты ұлттық ресурс атты бағыттарды қамтыды. ⠀

Конференция 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 24 жұмыс қабылданып, жетеуі ақтық сынға іріктеліп алынды. ⠀
Қорытынды кезең ағымдағы жылдың 14-мамырында сағат 16.00де ZOOM платформасында өтеді деп жоспарланған.

Оның барысында үздік жұмыстарды онлайн форматында тыңдау, дипломдар мен алғыс хаттарды табыстау салтанаты өткізіледі және байқау комиссиясы анықтаған жеңімпаздар дипломдармен марапатталатын болады. ⠀

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 208 раз Последнее изменение Четверг, 13 мая 2021 18:59