Четверг, 13 мая 2021 11:39

Ақмола облысында жазғы мектептің жұмысын жандандыру қарастырылып жатыр

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысында жазғы мектептің жұмысы жанданады. Өңірдегі жазғы мектептердің жұмысы биылғы оқу жылы аяқталған соң маусымның 19-на дейін жалғасатын болады, деп хабарлайды  облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мұндай білім беру ерікті түрде жүзеге асады, ата-аналардың тиісті өтініші негзінде және пән мұғалімдерінің ұсынысы бойынша жүргізіледі. «Биылғы оқу жылында пандемияға байланысты бірқатар өзгерістер орын алды. Бізде жалпы білім беретін 556 мектептің 80 пайызы штаттық режимде, 20 проценті қашықтан білім берді. Қашықтан оқыту режимінде 300 оқушыдан артық бала білім алатын, негізінен қалалық, аудандық мектептер жұмыс істеді. Оның ішінде 6,7,8 сыныптар ғана. Қалған сыныптар офлайн форматта білім алды, Осы ретте, облыста жазғы мектептің жұмысы жанданады. Өңірдегі жазғы мектептердің жұмысы биылғы оқу жылы аяқталған соң маусымның 19-на дейін жалғасатын болады», – деді ведомства басшысы Бейбіт Жүсіпов.

Ағымдағы оқу жылында Ақмола облысының мектептерінде 130 мыңға жуық оқушы білім алуда. Биыл 5040 түлек жалпы орта білім туралы аттестат алатын болса, 10 196 оқушыға негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.

aqmolanews.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 250 раз