Среда, 12 мая 2021 15:02

МЕЙІРБАН ЖАН – МЕДБИКЕ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Мейірбан жан медбике. 12 мамыр - дәрігер мен науқас арасындағы алтын көпір саналатын медбикелердің халықаралық мерекесі. Атаулы күн қарсаңында  тілшіміз Айсәуле Съезбек Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында болып, медбике мамандығының мән-маңызына үңіліп көрді.

Ольга Гундарева еңбек жолын 1982 жылы облыстық ауруханада санитар болып бастаған.  Артынша Көкшетау медицина училищесінде оқып, медбике мамандығын алып шығады.  37 жылдық еңбек өтілі бар аға медбике әлі де болса ізденімпаздығынан танбаған. Бүгінде  Ресейдегі Оренбург мемлекеттік медицина университетінің 4-курсында жоғары  академиялық білім алуда. Әрі соңғы 10 жыл бойы  жас мамандарға тәлімгер болып, тәжірибесімен бөлісіп келеді.

ОЛЬГА ГУНДАРЕВА, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ АҒА МЕДБИКЕСІ:  Эндокринология бөлімінде, кейін процедуралық кабинетте  медбике болдым. Ал  1994 жылдан бері аға медбикемін. Менің барлық жұмыс өтілім осы аурухананың қабырғасында өтіп жатыр. + 01:17 Сөз емдейді деп бекер айтпайды ғой. Медбикелер тек кәсіби міндеттерін атқарып қоймай, әрбір науқасқа мейіріммен қарап, жүрегіне жол табуы тиіс. + 03:13 Мен үшін науқастардың ең басты алғысы – олардың аман-сау болуы. Ауруханадан шыққан сәтте науқастың көзінен ем-шараға көңілі толғанын көру – басты мақсат.

Айжан Жомарт медбикелік қызметін алдымен нейрохирургия бөлімінде бастапты.  9 жылдан бері қиналған науқастардың жанынан табылып, емдеу шаралары сәтті аяқталғанда бірге қуанып, бірде мұңайып келеді. Еңбегі бағаланып, жақында инсульт орталығының аға медбикесі болып тағайындалды.

АЙЖАН ЖОМАРТ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ АҒА МЕДБИКЕСІ:  Медбике болу үшін кәсіпке бейім болу керек меніңше. Өз басым бұл салаға анамның арқасында келдім. Анам да медбике. Кішкентайымнан ақ халат киіп, қуыршақтарды емдеп ойнадым. Кейін мамандық таңдағанда ойланбастан  медицинаға келдім. Медбике мейірімді жүрек иесі болу керек. Бұл өте маңызды.  Ауыр халдегі науқастың қиналғанын көргенде, оны қорғағың келеді. Сауығып кеткенше, қамқор болғың келеді. Ал, сауыққан жанның  алғысын есту – еңбегімнің ақталғаны деп білем.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК,  Бүгінгі таңда көпбейінді облыстық ауруханада 651 медбике жұмыс істейді екен. Оның 75 проценті жоғары санатты медбике. Әлемде медбикелер үшін ең құрметті атақ саналатын Флоренс Найтингейл атты медальға осы ұжымның 24 медбикесі ие болыпты.

kokshetautv.kz

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 202 раз