Среда, 12 мая 2021 13:37

"Қазақстанның ежелгі тарихы әлі де жерде жатыр", - ҚХП атынан Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан халық партиясының атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметовтың пікірінше, бүгінгі күнде еліміздің ескерткіштеріне қамқорлық қажет. Осы мәселе бойынша депутаттық сауалды ол Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдады. Ғазиз Құлахметовтың ойынша, тарихи мұраларды сақтау, қалпына келтіру бұл да өзекті шаруа.

– «Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы заңында да ескерткіштерге қатысты тек құрылыс салуды реттеу жағы ғана қарастырылған. Құрылыс салатын компаниялар немесе жер қойнауын пайдаланушылар өздері жалға алған жерлерін пайдаланар алдында тарихи-мәдени сараптама жасатуға міндеттеледі. Өйткені, олардың жобалары мемлекеттік сараптамадан өтеді. Ал ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы бірде бір сөз жоқ. Баға жетпес құндылықтарымызды бүлдіргендерге салынатын айыппұлдың бүгінгі сиқы осы, – деді Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жолдаған Ғ.Құлахметов.⠀

Иә, Қазақстанның ежелгі тарихы әлі де жерде жатыр. Оның мұрағаты - археологиялық ескерткіштер.⠀

– Сондықтан тарих пен мәдениеттің куәсі болар, нақты ескерткіштер саны көбеймей, сөзіміз әлі де арық, үніміз әлі де жәй шығары анық. Археологияға сұранысты арттырудың негізгі шарты – тарихи мәдени ескерткіштердің сақталып, қорғалу ісін күшейту. Осылайша, халықтың өткен тарихи тағдырынан хабар беріп, адамзат өркениетінің ажырамас бөлігі боп қалыптасар бүгіні мен ертеңін тұрақты түрде барлық қауіптен сақтап отыру бәрімізге аманат, – деген депутат көпшіліктің назарын «Елеке сазы» қорымына аударды.⠀

«Елеке сазы» жазығы-қорымы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданынында, Ақсуат ауылынан оңтүстікке қарай 80 шақырым жерде орналасқан. 2010-2016 жылдары мұнда барлығы 300-ден астам қорғаннан тұратын 7 қорым анықталды. Өкінішке қарай, 7 қорған ай мен күннің аманында тоңалып кеткен.⠀

– Аспан астында сайрап жатқан тарихи қазынаның тоналып, қолды болмауын қамтамасыз етпек керек. Бұған заңды түрде тосқауыл қойылуы керек.⠀

Археологтар бұл жерден 20 шақты қорғанды ғана қазды. Ал қалған қорғандар сол қалпында тұр. Сондықтан бұл жердегі мұраларымыз жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізімінен Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне алынуы керек. Елеке сазы ескерткіштері өзінің мәртебесі бойынша ЮНЕСКО-ның қор тізімдеріне енуге лайық, – деді халық қалаулысы.⠀

Сондай-ақ ол тарихи-мәдени мұраны бүлдірген жеке тұлғаларға қатысты жауапкершілікті қатаңдатуды сұрады.⠀

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 9582 раз