Вторник, 04 мая 2021 16:08

Атбасар аймағында өрт сөндіру бекетінің ашылуы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан халқы бірлігі күні және Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен, сондай-ақ Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Шу ауылында өрт постын кезең-кезеңмен ашу жоспарлануда, сондай-ақ, жалпы саны 1775 адамды құрайтын ауданның үш пунктін, атап айтқанда,  Макеевка а., Шу а., Новосельское а., дала массивтерін өрттен қорғауды қамтамасыз ететін өрт посты ашылды.

Дайындық шаралары кезеңінде өрт сөндіру машинасын өрт-техникалық жабдықтауға және ерікті өрт сөндірушілерге арналған жабдықтарға облыстық бюджеттен 450 мың теңге бөлінді, сонымен қатар, өрт посты Атбасар ауданы әкімдігі және «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы арасында жасалған келісімшарт бойынша  қызмет көрсетеді.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өз тарапынан өрт сөндіру бекеті үшін АС-40 (130) автокөлігін тапсырды.

Өрт сөндіру постының ашылуына Атбасар облысы әкімінің орынбасары М.С.Асқаров, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.К.Шапағатов, Атбасар қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ашкенов Е.С. және Макеев ауылдық округінің әкімі Тоқжұманова А.Қ. қатысты.

Өрт сөндіру бекеті жылытылған гаражбен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Өрт сөндіру көлігі қызмет етуде, 4 адамнан тұратын «Шуйское-21» ЖШС посттың қызметкерлері тәулік бойғы жауынгерлік кезекшілікке шықты. Жеке құрам Атбасар қаласы ӨСҚ-4 базасында оқытылды.

Өрт сөндіру постының ашылуы аудан тұрғындарының техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздігінің ұзақ мерзімді кепілі ретінде қызмет ететіні сөзсіз.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 147 раз