Суббота, 05 декабря 2020 12:50

Аудан орталығында жаңа бес қабатты үй бой көтеруде

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Биылғы жылы Ерейментау ауданына мемлекеттік бюджеттен 3 миллиард теңге бөлініп, бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Алматылық мердігер биылғы жылы аудан орталығында 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын бастады. Сметалық құны 613946,0 мың теңгеге бағаланған құрылыс жұмысын «Достар» көпсалалы компаниясы» серіктестігі жүргізуде. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Бес қабатты тұрғын үйде 20 бір бөлмелі, 20 екі бөлмелі, 20 үш бөлмелі пәтер орналасады. 45 пәтерлік тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасының

несие жүйесі бойынша салынуда. Оны да жоғарыдағы мердігер салуда. Бүгінгі күні үйдің екі қабаты тұрғызылды. Нысанда 20 құрылысшы жұмыс істеп жүр. Бұл нысан да келесі жылы пайдалануға берілмекші. Біз 45 пәтерлік екінші тұрғын үйдің құрылысын бастадық. Қазір бес қабатты бұл тұрғын үйдің үшінші қабаты қалануда. Оның құрылысын астаналық «КСМК-АФ» серіктестігі жүргізуде. Нысанда 17 құрылысшы еңбек етеді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені де жақын арада пайдалануға беріледі. Оның құрылысын шымкенттік «Ұлытау Сервис» серіктестігі жүргізді.

Аудан бойынша 650 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның бәрі дерлік Ерейментау қаласында тұрады. Көп балалы отбасылар өздерінің тұрмыстық жағдайын жақсартқысы келеді. 45 пәтерлік тұрғын үй Тұрғын үй-құрылыс жинақтау банкісі арқылы салынып жатыр. Бұл пәтерлерді банкке өз үлесін енгізген кез-келген тұрғын ала алады. Екінші 45 пәтерлік тұрғын үй жалға беріледі. Сондай-ақ, бұл тұрғын үйден бюджеттен еңбекақы алатындар, І және ІІ топтағы мүгедектер, жетім өскен жастар пәтер алады. Заң бойынша 45 пәтердің 25 пайызы жетім өскендерге беріледі. 60 пәтерлік тұрғын үй де жалға беріледі деп жоспарлануда. Тағы да 45 пәтерлік екі тұрғын үйдің жобасы жасалуда. Оның құрылысы келесі жылы қолға алынады. Қазір бұл жобалардың жұмысы аяқталуға жақын. 2021 жылы 3 нысан пайдалануға беріледі. Ол кезектің үштен бір бөлігін азайтады. Алдағы 4 жылдың ішінде кезекте тұрғандардың бәрі пәтерлі болады. Сілеті мен Ақмырза елді мекендеріндегі ауыз су сапасын жақсарту үшін су станциясын салуға конкурс жарияладық. Шешімін күтіп отырмыз. Бұл жобалар келесі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады. Құрылыс жұмысына жергілікті тұрғындар тартылады. 2021-2022 жылдары 300 адам тұратын Еңбек ауылында да ауыз су станциясы салынады деп жоспарланған. 2025 жылға дейін ауданда ауыз су мәселесін шешеміз деп отырмыз.

Дәулет ХАМИТОВ,

Ерейментау аудандық құрылыс

бөлімінің басшысы.

arka-azhary.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 259 раз