Өкінішке орай, Ақмола облысы екі апта аралығында санитарлық жағдайы қызыл аймақта қалып отырмыз. Осыған орай Көкшетау және Степногор қалаларында көп салаларда шектеу сақталатынын хабарлады.
Сонымен қатар, желтоқсан айының 16-19 күндерінде сауда және қызмет салаларына жұмыс жасауға рұқсат болады, бірден жұмыс уақытына шектеу қойылады.
Оған қоса адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау негізінде мониторлық топтар демалыс және мейрам күндерінде қызмет атқарады деп мәлімдеді.
Кездесу нәтижесінде кәсіпкерлер палатасы облыс аумағы бойынша кәсіпкерлерден келіп түскен сұрақтарды және бар ұсыныстарды жүйелеп, өңірлік жедел штаб мүшелеріне қарауға және шешім қабылдауға жолданатын болды.
Осы жұмыс нәтижесін келесі жариялауда жеткіземін.