Среда, 02 декабря 2020 17:42

Ақмола облысында үздік экскурсовод анықталды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде музей мамандығының беделін көтеру, экскурсия қызметінің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында облыстық 2-ші «Үздік экскурсовод» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Онлайн форматта өткен байқауға облыстың әр өңірінен 9 музей қызметкері қатысып, бақ сынады. «Байқау үш

«Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әр қатысушы портфолия әзірлесе, екінші кезеңде «Менің тарихым музейде» атты бейнеролик форматында экскурсия ұсынды. Ал үшінші шешу кезеңде ZOOM платформасында «Өз ісінің шебері» әр деңгейдегі келушілерге экскурсия ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігі мен біліктілігін көтерсетті», - деп атап өтті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасындағылар.

Байқаудың үш кезеңі және онлай дауыс беру қорытындысы бойынша Гран-при жүлдесін Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Вероника Антипова жеңіп алды. Ал Көкшетау қаласы тарихы музейінің қызметкері Айым Біләлова, Іляс Есенберлин әдеби мұражайының қызметкері Үмітжан Бекенова, Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Аягөз Махметова жүлдегер атанды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және ақшалай сертификаттарға ие болды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 337 раз