Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне байқауды тамаша ұйымдастырып, өткізген қазылар алқасының білікті мүшелеріне жоғары кәсібилігі үшін жеке алғысымызды білдіреміз!
Барлық қатысушылар екі турда портфолио мен экскурсияның бейне үзіндісін ұсынды, ал үшінші турда өздерін импровизация жанрында көрсетті. Айым қаламыздың соғыс жылдарындағы тарихына бойлап,әскери зауыттың қызметкері, эвакогоспиталь медбикесі,тыл еңбектері бейнесінде экскурсия ұсына отырып, соғыс жылдарындағы Көкшетау өмірі, Жеңістің жалпы ісіне қосқан үлесі туралы мәлімет берді.
Қымбатты достар, біз осы байқауда бізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамыз! Үлкен рахмет!!!