Среда, 02 декабря 2020 16:11

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

30 қарашада Целиноград ауданының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шара барлық тиісті санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтті.

Аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков жиналғандарды мерекемен құттықтап, Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының сіңірген еңбегіне тоқталды.

Аудан әкімі Елбасының, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы алдындағы жеке жауапкершілік факторы Қазақстанның ең маңызды жетістіктері – бірлік, тұрақтылық, орнықты дамуға алдын ала айқындалғанын атап өтті.

Тұңғыш Президент күніне орай «Ауыл еңбегі үшін» медалімен және Алғыс хаттарымен аудандық ұйымдар мен кәсіпорындардың бірқатар басшылары мен қызметкерлері марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы «ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында бекітілді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 256 раз