Среда, 02 декабря 2020 15:26

Ақмола облысында «РУХЫ - БАЛАЛАРҒА» онлайн байқауы жарияланды ⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

БАЙҚАУ!!! БАЙҚАУ!!! БАЙҚАУ!!!

Құрметті ақмолалықтар!

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен жатқа жыр оқудан «БАБАБАЛАР РУХЫ - БАЛАЛАРҒА» онлайн байқауы өтетінін хабарлаймыз.

Аталмыш байқау батыр бабаларымыздың даңқты тұлғаларына тағзым етіп, олардан мирас болып қалған ерлік пен өрліктің рухын жас жеткіншектердің бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылып жатқандықтан, оған тек 7-14 жас аралығындағы ер балалар ғана қатыса алады. Балаңыз байқауда бақ сынасын десеңіз, қазақтың батырлық жырларынан үзінді немесе дауылпаз ақындарымыз бен жорықшы жырауларымыздың бір жырын жаттатқызып, бейнежазбаға түсіріп, бізге жолдауыңызды сұраймыз.

Толық ақпарат үшін төменде «Бабалар рухы - балаларға»  онлайн байқауының шарттарын ұсынамыз:

Байқауға Ақмола облысында тұратын 7-14 жас аралығындағы ер балалар қатыса алады;

Байқау материалдары бейнеролик форматында ұсынылады;

Байқауға ұсынылатын бейнероликтер қатысушылардың батырлар жырларын немесе жыраулар поэзиясы үлгілерін жатқа айтуы негізінде әзірленеді;

Байқауға қатысу үшін үміткерлер батырлар жырынан үзінді немесе жыраулар поэзиясынан 1 жырды жатқа айтып, бейнежазбаға түсіруі тиіс. Дайын бейнероликті Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесіне Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайы немесе +7 775 143 9377 нөмірі бойынша Whats App мобильдік мессенджері арқылы жолдауы тиіс;

Қосымша файлда қатысуышының туу туралы куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефондары көрсетілуі шарт;

Байқауға қатысу үшін ұсынылатын бейнежазбалар 2020 жылдың 14 желтоқсанына дейін қабылданады, мерзімінен кеш ұсынылған бейнежазбалар байқауға қабылданбайды және қазылар алқасы тарапынан қаралмайды;

Байқауға ұсынылатын бейнежазбалардың ұзақтығы 1 минуттан кем болмауы және 5 минуттан аспауы керек;

Байқауға ұсынылған бейнебаяндар «Мәнерлеп оқу шеберлігі», «Тіл тазалығы», «Түсірілім сапасы» сияқты критерийлер арқылы арнайы тағайындалған қазылар алқасымен бағаланады;

Сондай-ақ, бейнероликтердегі қатысушылардың ұлттық нақыштағы киім үлгісіне де назар аударылады;

Байқау іріктеуінен өткен қатысушылардың бейнероликтері Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылатын болады;

Арнайы бекітілген қазылар алқасының шешімімен байқауда І, ІІ және ІІІ орынды иеленген қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған;

Байқау қорытындысы Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Қосымша ақпаратты 8 7162 33-00-39; +7 775 841 10 39 байланыс телефондары арқылы ала аласыздар.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 313 раз Последнее изменение Среда, 02 декабря 2020 15:32