Вторник, 01 декабря 2020 14:38

ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңесінде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген міндеттерді Ақмола облысында іске асыру жайы талқыланды. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы Кеңесінің отырысына облыс әкімі Ермек Маржықпаев, өңірдегі этномәдени бірлестіктің төрағалары мен жастар қатысты.

Қазақстанның ұлтаралық татулықты сақтауға бағытталған ширек ғасырлық тәжірибесін Ресей Федерациясы да мойындап, мемлекет басшысы 13 қарашада осы тақылеттес ұйым құру туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр, - дейді сарапшылар. Алдағы мақсат ұйымның миссиясын жүзеге асыру жолына барша қоғамды біріктіру.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 2011 қарашада Қазақстан Халқы ассамбеясы кеңесінің отырысы Елбасының төрағалығымен өтті. Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісімді бұзатын кез келген іс-әрекеттің конституциялық емес деп танылатыны туралы тиісті заңдардың қабылданғанын атап өтті.

Жиында бұған дейін Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған Мәрзият Тоқаеваға алғыс білдірілді. Ұйымның жаңа жетекшісі таныстырылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық келісімді сақтау саясаты Біріккен Ұлттар Ұйымы, Европаның Ынтымақтастық және Қауіпсіздік Ұйымы тәрізді халықаралық ұйымдар тарапынан зерттеліп, әлемнің 50-ге тарта тіліне аударылған. Ол дүниежүзілік саясатта – «Назарбаев моделі» ретінде танылды. Облыстық ассамблея кеңесі ынтымақ пен бейбітшілікті сақтауға шақырып, өңір тұрғындарына үндеу жариялады.

ЛЮДМИЛА ЛИМ, «ЧИНСОН» КОРЕЙ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ Біз, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы кеңесінің өкілдері барша облыс тұрғындарын азаматтық қоғамды сақтау мен күшейтуге шақырамыз. Еліміздің басты мақсаты әрдайым бейбітшілік пен келісімді сақтау. Ассамблея 25 жыл бойы осы саясатты әртарапты жүзеге асырып келеді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында біз қоғамдық келісім мен бейбітшілік еліміздің іргетасы болып табылады, және солай болып қала береді деп мәлімдейміз.

2008 жылы «Ассамблея туралы» заң қабылданып, қоғамдық ұйым мемлекеттік тіл мен қазақ халқының ұйыстырушы рөлін дәріптеуге бет бұрды.

ЮЛИЯ КУЗЬМЕНКО, «БОТАЙ-БУРАБАЙ» АШЫҚ АСПАН АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ  Щучье педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алдым. Қазір «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музейінде экскурсовод қызметін атқарамын.+ Ұлтымызбен ерекшеленсек те, біріміз бірге бір үлкен елдің халқымыз дегім келеді. Баршаңызды келе жатқан Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймын.

ЕКАТЕРИНА КОНИК, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ Қазақстанды мекен еткен барша ұлт пен ұлыстарға қазақ тілін үйрену азаматтық парыз. Оған мына өзімдей, ұлты өзге бірақ жаны қазақ Халықтарды айтқым келеді. Мен Коник Екатерина Павелқызы Ақмола облысы Зеренді ауданының тумасымын. Әкем – украин, анам- орыс ұлтынан. Бірақ олар менің болашағым қазақ тілімен байланысты екенін жақсы түсінгендіктен мені қазақ мектепке оқуға берді.  

Жиын соңында өңірдегі ұлтаралық татулыққа үлес қосқан азаматтар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

СЖАНАТ ЕСОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ  2017 жылы дәл осы күні отбасымызбен пәтер алсақ, міне бүгін «Халық алғысы» медалімен марапатталдым. Әрине, бұл менің ғана жетістігім емес, бұл Үкілі Ыбырай  атындағы облыстық филармониясының + жемісті жұмысының нәтижесі деп ойлаймын.

kokshetautv.kz

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 302 раз