Вторник, 01 декабря 2020 14:33

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТТАР

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі бағаланды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалықтарды айтулы мерекемен құттықтап, мерекелік төсбелгілермен марапаттады.

Тәуелсіз Қазақстан бүгінде сенімді дамудың даңғыл жолына түсіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Елдің өркендеуіне Ақмола облысы да сүбелі үлес қосып келеді. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев аймақтың 10 айдағы  даму  қарқынына қысқаша тоқталып өтті.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ В Өнеркәсіптегі өсім 106,3, ауыл шаруашылығында 114,2, құрылыс секторында 11,7 процент. Инфляция 5,1 проценттен жоғарылаған жоқ. Инвестиция өсіміне келсек, біздің облыс еліміз бойынша алғашқы үздік үштікте. Жыл басынан бері өңір экономикасына 340 миллиард теңге құйылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 23 процентке көп. Түрлі бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы еңбек нарығында 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Оның 13 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында мемлекеттің өркендеуіне, Қазақстанның конституциялық құрылымын нығайтуға зор үлес қосқан ақмолалықтар «Коституцияның 25 жылдығы» және «Халық алғысы» медальдарымен марапатталды.

ВИТАЛИЙ ИВАНОВ, «ИЖЕВСКИЙ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ» КОМАПАНИЯСЫНЫҢ БАС АГРОНОМЫ  Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атынан  барлық қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Еліміздің өркендеуі жолындағы еңбегіміз жемісті болсын. Біздің өндірістік кооператив жыл сайын алтын астық жинауда үздіктердің қатарынан көрініп келеді. Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, гектарынан 21 центнерден астам егін жинап алдық.

Бүгінгі күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы айқындап берген еліміз дамуының негізгі бағыттарын жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Қазақстанды бейбітшіл ел ретінде әлем мойындады, абырой-беделі де зор. Мемлекеттің басты құндылығы - қоғамдық келісім мен халықтың бірлігі.

kokshetautv.kz

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, ЗАРИНА ДҮЙСЕКЕЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 289 раз