Вторник, 01 декабря 2020 14:28

ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖҮЙЕЛЕР

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин Бурабай аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, департамент бастығы Тұңғыш Президент күні қарсаңында өңірдің ең белсенді еріктілерін марапаттады.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және өңірдің автожолдарындағы апатты жағдайды  азайтуға қатысты қабылданып жатқан шаралар тиісті деңгейде. Ұялы абоненттердің орналасқан жерін анықтауға, мемлекеттік нөмірлік белгілерді таратуға, жаңа үлгідегі бейнебақылау камераларының жүйелерін қосуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалар ұсынылды.

ДӘУЛЕТ ШӘКЕНОВ,  ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ  Автоматтандырылған жұмыс орындары үшін компьютерлік техниканың 10 бірлігі сатып алынып, орнатылды. Сондай-ақ, 2021 жылы бейнекамераларды жаңарту жоспарланған.

Бүгінгі таңда полиция бөлімінің жедел басқару орталығында 17 техникалық жүйе қолдаылады. Олардың көмегімен 10 айда 4 323 бұзушылық анықталып, 11 қылмыс әшкереленді.

Полиция департаментінің басшылығы волонтерларға әлеуметтік жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным және ішкі істер органдарына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

АРМАНБЕК БАЙМУРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ   Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Егеменді Қазақстанның негізін қалаушы, мемлекетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Тұңғыш Президент, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қауымдастығының құрметті азаматы. Тұңғыш Президент мерекесіне орай баршаңызға жетістік, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, отанымыз қазақстан республикамыздың гүлденуі жолындағы қызметтеріңізге табыстар тілейміз!

МЕЙРАМ ЖАПБАСОВ,  ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМАБАСТЫҒЫ  Ақмола облысы полиция департаменті волонтерлік ұйымдармен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз етеді. Олармен бірге түрлі профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде есірткі заттарын жарнамалайтын суреттерді және сайттарды бұғаттауға қатысты рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды.

Волонтерлар, өз кезегінде құқық қорғау органдарына көмектесуге үнемі дайын екендерін жеткізді. Олар облыстың полиция қызметкерлерімен ынтымақтастықтарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

ЕРБОЛ АМАНТАЕВ, «ФЕНИКС»  ЕВОЛОНТЕРЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  Карантиндік шараларды қамтамасыз ету үшін адамдарға маскалар тараттық. Сонымен қатар, "Есірткіге жол жоқ" жобасымен де айналыстық.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АСЛАН ӘБУТӘЛІПОВ, РУСЛАН ВОТИН, ШОҚАН ТАУКИЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 283 раз