Вторник, 01 декабря 2020 14:21

СӘРСЕНБІНІҢ СӘТІНДЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҒАДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Красный Яр селосы мен  Нұрлы көш ауылына жүретін автобустар жаңартылды. Сәрсенбі күні жолаушылар тасымалдауға кіріседі. Енді  бұл бағытқа 13 автобус қатынайды. Бір автобустың  құны 53 млн теңге. Осылайша, қос ауылда көптен өзекті болған жолаушылар тасымалына қатысты мәселе біртіндеп шешіліп келеді.

Жырғау Тұрғанбай Нұрлы көш ауылына 2009 жылы қоныстаған. Содан бері, маршрут мәселесінің жауыр болған тақырып екенін айтады. Алғашында бұл ауылға 3 автобус қатынаған. Кейіннен халықтың көптігінен олардың саны бесеуге жетеді. Бірақ, бүгінгі таңда, елдегі эпедимологиялық жағдайға байланысты тағы да маршрут саны қысқартылған. 1 сағат сайын ғана қатынайтын болып қалды, - дейді тұрғындар. Сонымен қатар, ауылдың тек ортасына дейін ғана қатынайтын автобустардың бағыты да алдағы уақытта өзгермек. Жаңа аялдамалар  орнатылып жатыр. 

ЖЫРҒАУ ТҰРҒАНБАЙ, НҰРЛЫ КӨШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Бұрын аялдамалар стандартқа сәйкес келмейтін. Бір кішкентай жерге төрт бес аялдама салып тастаған. Аралары 100-200 метрден ғана. Біздің Нұрлы көштің өзі басынан аяғына дейін 1 шақырым. Енді ауылдың басындағы халық орталықтағы аялдамаға бару үшін қиналатын. Әсірісе  балалар үшін.  Біз осыны айтып облыс, қала әкімдігіне хат жаздық. Осы ұсыныс ескеріліп биыл жаңа жол салынып, осы көшелерге аялдамалар орнатылып жатыр. Бұған халық әрине қуанышты.

Автобустар жолға шығуға дайын тұр. Жаңа көліктің біріне Сергей Виноградов жайғасқан. Жүргізушілік еңбек өтілі 30 жылға жуықтаған. Жолаушылар үшін көліктің өте  ыңғайлы екенін айтады. Себебі, жаңа автобустардың барлығы заманауи қондырғылармен жабдықталған.

СЕРГЕЙ ВИНОГРАДОВ, ЖҮРГІЗУШІ  Бұл автобустардың бір айырмашылығы оның тапалдығында. Яғни, баспалдақ жоқ. Сондай-ақ, маршруттардың барлығында «Клеринг» қосымшасы орнатылған. Осы қосымшаның көмегі арқылы аялдамаларда тұрған мүмкіндігі шектеулі жандар емін-еркін кіріп шыға алады. Көліктің ішіне кварц орнатылған. Күніне 3-4 реттен 20 минут кварц қосып, маршрут ішін залалсыздандырып отырамыз.

Қазіргі таңда  Көкшетау автобус паркінің техникалық базасы толығымен жаңартылды. Бүгінде серіктестікте 74 көлік бар. Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көліктердің басым бөлігі осы кәсіпорындыкі.

ӘСИЯ ШАРИМОВА, «КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКІ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Красный Яр селосының халқы жыл санап көбейіп келеді. Сонымен қатар, саяжайлар жақта «Құлагер» жаңа шағын ауданы пайда болды. Осы мәселені ескеріп біз жаңа 30 автобус алдық. Соның 10-ы үлкен маршрут. Бұл автобустар халық көп шоғырланған шағын аудандарға қатынайды.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктердегі санитарлық нормаларды қатаң сақтау әлі де өзекті. Жаңа автобустардың барлығында ансисептиктер мен залалсыздардыру қондырғылары орнатылған. Айта кетейік, маршруттар осы сәрсенбіде жолға шығады.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 305 раз