Вторник, 01 декабря 2020 12:03

АУДАНДА ЭПИДЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Егіндікөл ауданындағы ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңаша түрге енді. Құрылыс жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 263 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, аурухана жанынан ашылған провизорлық орталық та жұмыс істеп тұр. 

Аудандық аурухана 80 адамға шақталған. Одан бөлек 30 төсектік провизорлық орталық бар. Айта кетейік, емдеу мекемесі қырық жылға жуық жөндеу көрмеген. Биыл ауруханаға айырықша көңіл бөлініп отыр.  

НАТАЛИЯ ШУМИНА, АУДАНДЫҚ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  Күрделі жөндеу жұмыстарын көп күттік. Міне, сол арманымыз осы жылы іске асты. Құрылыс жұмыстары аясында аурухананың шатыры ауыстырылып, нысанның іші-сырты толық жаңартылды. Сондай-ақ, осы емдеу орнының аумағында жас дәрігерлерге арналған жатақхана да бар. Оған жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық қазынадан 15 млн теңге бөлінді. Яғни, дәрігерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдай қарастырылып отыр.

Ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен. Әсіресе, қауіпті кеселмен күресте дәрігерлер аянбай тер төгуде. Бүгінде Егіндікөл ауданында эпиджағдай тұрақты. Осы уақытқа дейін өңірде қауіпті індеттің 51 дерегі тіркелген. Өкінішке орай 1 науқас көз жұмды.  Қалғандары ауруынан құлан таза айығып шыққан.

МАДИЯР МОЛДАБАЕВ, АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ  Ауданда эпедимиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Мәселен, осы қараша айында коронавирус белгісі  бар 1 ғана науқас  тіркелді. Ол  осындағы провизорлық орталыққа жеткізілді. Қазір жағдайы жақсы. Санитарлық шектеу шараларын бәсеңдеткен жоқпыз. Яғни, тұрғындардың жүріп-тұруына, қоғамдық орындардың жұмысы, ірі сауда дүкендері белгіленген уақыт бойынша ғана қызмет көрсетіп жатыр.

Осылайша, провизорлық орталықта  бүгінде бір ғана науқас ем алуда. Алдағы уақытта қауіпті індет өршіп, науқастар саны көбейіп жатса аудандық дәрігерлер жұмыла жұмыс істеуге дайын. Аталмыш провизорлық орталық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, АЛМАС АСҚАРОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 282 раз