Вторник, 01 декабря 2020 11:32

ҚОРҒАЛЖЫН 2,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл Қорғалжын ауданындағы 600-ге тарта кәсіпорын 2,5 млрд теңгенің өнімін өндірді. Оның жартысынан көбі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші субъектілер. Жазда коронавирус инфекциясы өршіген сәтте аталмыш шаруашылықтар аудандық ауруханаға 194 литр қымыз бен 125 кг сиыр етін  тегін жеткізген. Ауданның 10 айдағы  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы әріптесім Айсәуле Съезбек баяндайды.

10 айда аудандық жұмыспен қамту орталығына 380 адам жүгініп, оның 220-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған. Бизнесін ұлғайтуды көздеген 18 кәсіпкерге 66,5 млн теңгенің шағын несиесі берілген. Ал 17 тұрғынға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қайтарымсыз грант үлестірілген. Нұр-Сұлтан қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі аудандардың бірі болғандықтан қорғалжындықтардың көбі жеке кәсібін ашуға ниетті көрінеді.

БЕРІК ЖАНБАЕВ , ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ : Биыл 1 789  млн.теңге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 111,5% құрады, негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 108,8% құрады. 2020 жылдың 1 қарашасына аудандық аурухана 4 дәрігермен қамтамасыз етілді: 2 жалпы медициналық дәрігерлер,1- хирург, 1- тіс дәрігері.

Қорғалжында қордаланған мәселенің бірі – ауыз су. 70-жылдардан бері жөндеу көрмеген су құбырлары біртіндеп ауыстырылып жатыр.  Аудан орталығынан ауылдарға су құбырларын тартуға биыл республикалық бюджеттен 200 млн. теңге бөлінді. Егер жобалық-сметалық құжаттамалар  бекітілсе, Амангелді ауылдық округіне 2023 жылға қарай су жетіп қалады,- дейді әкім. Оған дейін ауыл халқына жергілікті су тасушы  компанияның қызметіне жүгіне тұру керек.

БЕРІК ЖАНБАЕВ , ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ  2018 жылы Қорғалжыннан Өркендеуге шейін магистральді су құбыры тартылды. Енді 2019 жылы ауылдың ішіндегі әрбір үйге баратын су құбырына облыстық бюджеттен 12 млн. бөлінді. Біз сол ақшаны толық игеріп, экпертизасын алып, сол проектіні облыс арқылы республикалық бюджетке ұсынып отырмыз. Егер конкурс болып, ұтып алатын фирма болса, онда келер жылы Өркендеуде ауыл ішілік су жүйесін жөндейтін жұмыс басталады.

2018 жылдан бері ақша бөлініп, құбыр ауылдың іргесіне дейін тартылса да, аяқталмаған мәселе бүгін-ертең де шешіле қоймайтын сияқты.

kokshetautv.kz

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ПАВЕЛЬ СОЛОВЬЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 283 раз