Вторник, 01 декабря 2020 11:24

АУЫР АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ОНЛАЙН ӨТУДЕ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

21-28 қараша аралығында ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Оған республика бойынша 280-нен астам спортшы қатысып жатыр. Өткен демалыс күндері Ақмола облысының намысын Көкшетау, Степногорск және Атбасар қалаларынан 18 спортшы қорғады.

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы республикалық чемпионатты Талдықорған қаласында өткізуді жоспарлаған болатын. Турнирді өткізу мерзімі де басқаша еді. Алайда, елдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өткізу туралы шешім  қабылданды.

БАТЫРБЕК ОЗДОЕВ, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ОБЛЫСТЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ Біз бұл чемпионатқа мықтап дайындалдық. Мына індетке байланысты соңғы кезде ешқандай турнир ұйымдастырылмай келді. Осы сайыстың өтіп жатқаны бізді қуантады.  Онлайн жарыстардың өзіндік бір кемшін тұсы да бар, спортшылар үй жағдайында дайындалуға мәжбүр болып отыр.

Чемпионаттың бірінші күні Ақмола облысының спортшысы қола жүлдені жеңіп алды. Айым Мұхамеджанова дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған спорт мектеп-интернатының түлегі. Қыздар арасында бірнеше дүркін чемпион атанды. Қазақстанның спорт шебері.

АЙЫМ МҰХАМЕДЖАНОВА, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ Онлайн өнеркөрсету мен үшін сәл ыңғайсыздық тудырғанын жасырмаймын. Дегенмен, өз көрсеткішіме көңілім толады. 3 айдан артық жаттыққан жоқпыз. Бұрынғы қалыпқа келу әрине, қиын болды. 49 келі салмақта өнер көрсетіп келемін. Ауыр атлетикамен 10 жыл айналысамын.

Айым болашақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленгісі келеді. Естеріңізге сала кетейік, аталған чемпионатта әр атлет штангамен жаттығулардың жеке түрлері бойынша да өнер көрсетті.

ИСЛАМ ІЛИЯСОВ, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ  Мен 6 жасымнан бері спорттың осы түрімен айналысып келемін. 12 жыл бойы жаттығамын. Онлайн жарысқа алғаш рет қатысып отырмын, алғашында біртүрлі сезімде болғаным рас. Бәрі ойдағыдай өткен сияқты. Көрермендердің қолдауы жетіспейді.

Сайыста өнер көрсеткендердің барлығы жаңадан құрылған құраманың спортшылары. Олардың кейбірі үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы чемпионат.

kokshetautv.kz

ӨМІРЗАҚ ЖҮРСІН, АБАЙ КӘКІМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 287 раз