Вторник, 01 декабря 2020 11:03

ЖАҢА ТУРИСТІК НЫСАНДАР САЛЫНУДА

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Келер жылдың жазында Бурабайда бірнеше жаңа туристік нысан қызметін бастайды.  Абылай хан алаңында үш жүздің басын қосқан қазақ көсемінің көрмесі ашылмақ. Бұдан бөлек, «Ақбура» кешенінің құрылысы жалғасуда. Нысан швейцариялық туристік тәжірибені басшылыққа алады деп жоспарланған. Демалыс орнының алғашқы кезеңі алдағы туристік маусымда қолданысқа берілсе, жобаның 4-ші кезеңін жүзеге асыру 2035 жылға  дейін жалғасады.

Бурабайда Абылай ханның өмір жолы мен арман-мұраты және Тәуелсіз қазақ еліне арналған мультимедиялы-интерактивті паркі ашылады. Нысан келер жылдың жаз айларында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Жоба құны 4,2 млрд. теңге.

Мұнда қазақ тарихымен және шежіресімен танысуға, Қазастанның туристік аймақтарын самұрық құстың биігінен шолуға мүмкіндік бар. 2021 жылдың жазғы туристік маусымында «Ақбура» кешені де қолданысқа беріледі. «AQBURA Resort» Үлкен шабақты мен Теке көлдің жағасында 233 гектар аумақты алып жатыр. Жоба 4 кезеңнен тұрады. Нысан толық қуатына көшсе 3 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

САПАР БЕКАЙДАРОВ, «AQBURA DEVELOPMENT» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ  Нысанды мамандармен қамту мәселесін де ойластырдық. Осы мақсатта Швейцариядан арнайы компания өкілдері келіп, жергілікті тұрғындарға 6 ай бойы кәсіби білім береді. 

Қазірдің өзінде демалыс орнына 4 млрд. теңге инвестиция салынған. Нысан алғашқы кезеңде күніне 200 демалушыны қабылдайды деп күтілуде.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  Курортты аймақты дамыта отырып, адамдардың игілігін ойлауымыз керек. Бұл жер, мұндағы табиғат қаз қалпында біздің келер ұрпаққа жетуі тиіс. Сондықтан, барынша ұқыпты, өркениетті жолмен даму қажет. Өңірге ірі инвестициялар келгені өте жақсы. Біз өз кезегімізде инженерлік коммуникацияларды қамтамасыз етеміз.

Жоба жетекшісі Сапар Бекайдаров нысанның келесі даму кезеңдеріне қаржы салуға қызығушылық танытқан инвесторлардың бар екенін жеткізді. Алайда, нысанға апарар жолдың болмауы жобаның тартымдылығына кері әер етіп отыр. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жол құрылысы келер жылдың мамыр айында басталатынын айтты.

kokshetautv.kz

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 245 раз