Вторник, 01 декабря 2020 10:58

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕЛЕУЛІ НӘТИЖЕЛІЛІГІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Балкашинода бірнеше мәдениет нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл-"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының жемісі. Жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындарды еңбекке тарту- мемлекеттік бағдарламаның басты ерекшелігі.

Балкашино ауылындағы мәдениет үйі он жылға жуық жөндеу көрмеген. Жаңбыр жауған сайын шатырдан су сорғалайтын, - деп еске алады мәдениет үйінің мамандары. Биыл ғимарат жаңарып, шаруашылық мәселелері түбегейлі шешілді.

АННА РУДИ, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Биыл ғимаратты жөндеу жұмыстарына 44  миллион теңге жұмсалды. Ғимараттың шатыры жөнделіп, жылу жүйесі жаңартылды. Көрермендер залы мен сахна да жаңаша күйге енді. 

Бұдан бөлек, ішкі әрлеу жұмыстары да жүргізілген. Ең бастысы мәдениет үйіне кіре беріс толығымен жаңартылды. Аудандық кітапханаға да тиісті қаржы бөлініп, үлкен жұмыс атқарылды.

СВЕТЛАНА ГУБРЕВА, АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Кітапхана ғимараты 1932 жылы салынған, сол тұстан бері күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Биыл ғимаратты қалыпқа келтіруге 20 миллион теңге бөлінді.Қазір жаңартылған ғимаратта жұмыс істеп жатырмыз.

Барлық селолық округтер оқулықтарды аудандық кітапхана арқылы алады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы өңірдегі жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

ДИНАРА НИКАНКИНА, АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ  Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында 22 жоба жүзеге асырылды. 200-ге тарта жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 92 адам еңбекпен қамтылды.

Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде Веселое елдімекеніндегі мәдениет үйіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына 22 адам тартылған.

kokshetautv.kz

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, АБАЙ КӘКІМБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ЖАХАНГЕР МҰҚАМБЕТОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 273 раз