Вторник, 01 декабря 2020 10:18

ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Степногорск қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар көп. Жыл басынан бері 51 адам мемлекеттік қолдаудың арқасында грантқа ие болып, өз бизнесін бастады.  

«Еңбек» бағдарламасы ертеңге жасалған қадам. Бизнеске бейімі барларды қолдап, ертең кәсібін дөңгелетіп әкетуге жол ашу – басты мақсат. Жалпы Степногорск қаласында бес жылға арналған жобаға осыған дейін 516 адам қатысыпты. Биылдың өзінде 88 адам қысқамерзімді кәсіби білім алған. 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 51 грант тағайындалса, 33 адам жалпы сомасы 183 миллион теңге көлемінде несие алыпты. Жобаның жақсылығын көрген жандардың бірі тіс дәрігері Жансар Сәрсенов. Осыдан 7 жыл бұрын медициналық академияны тәмәмдаған жас маман жеке бизнесін ашуды армандапты. Осылайша, мемлкеттен қолдау тауып, мамандығы бойынша, халыққа қызмет көрсетуге кіріскен.

ЖАНСАР СӘРСЕНОВ, ТІС ДӘРІГЕРІ Әрине, жеке клиникамды ашсам деп армандадым. Қазіргі мақсатымыз – қалада тіс емдеудің заманауи әдістерін енгізу. Имплант жасаймыз және  протездеу ісімен айналысамыз. Болашақта хирургиялық бөлімше ашу жоспарда бар. Үнемі семинарлар мен курстардан өтіп тұрамын. Мемлекеттік грант біз үшін қолдау болды. Бұл қаражатқан медициналық жабдықтар сатып алдық. 

Алмас Жанпейісов те жобаның жылылығын сезінген жандардың бірі. Басы ауырып, балтыры сыздаған қала тұрғындары оның мекемесіне диагносика мен ем-дом алуға келеді. Енді ғана ашылғасын елдің бәрі біле бермейді. Бірақ Алмас, қызмет саласы көңілге қонымды болса, келушілер қатары артатынына сенімді.  

АЛМАС ЖАНПЕЙІСОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР  Жұмыспен қамту орталығына хабарластым. Бірден курстан оқып, грантқа қасытуды ұсында. Осылайша, өз бизнесімді бастап, медициналық орталық ашуды жөн санадым. Қайтарымсыз грант қаржысына медициналық кереует, үстелдер мен дезинфекциялық шкаф сатып алдым.

Өндірістік қаланың іргесінде орналасқан Ақсу кентінде осыған дейін көліктің шинасын жөндейтін шеберхана болмапты. Сондықтан бәрі Степногорскқа сабылатын. Осыны ескерген Арман Жүсіпов арнайы курстан өтіп, дөңгелек жөндеу жөнінде жобасын қорғайды. Әзірге үйінің жанында қызмет көрсетеді, болашаққа жоспары ауқымды.

АРМАН ЖҮСІПОВ,  ЖЕКЕ КӘСІПКЕР  25 күн бедерінде курстан өтіп, бағдарлама қатысушысы атандым. Шина жөндейтін 2 станок сатып алып, бірден іске кірістім. Бұл ауыл тұрғындарының сұранысы болатын. Келесі жылы арнайы ғимарат салуды көздеп отырмын. Сонымен бірге , несие алып, көлікжуу орталығын ашатын ойым бар. 

Қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, бизнес идеяларын қорғап, қолдауға ие болғандардың арасында көп балалы аналар, жастар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. 

БИБАРЫС ХАЙДАРБЕКОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

Ия, әрине, қызығушылық жылдан-жылға өсіп келеді.

«Алма піс, аузыма түс» деген қағида жүрмейд бұл жерде. Жеті рет өлшеп, бір кесілген жобалар ғана жалғасын тауып, табыстың көзін ашады. Ең бастысы, әрбір қазақстандықтың пұл алып, пайда табуға мүмкіндігі бар. 

kokshetautv.kz

Берік Қайдарұлы, Дархан Мүжібаев

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 286 раз