Вторник, 01 декабря 2020 10:10

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ БИЗНЕСІН ДАМЫТУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Шортанды ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бағдарлама жұмыс іздеп жүрген жандарға қолайлы. Әрі Шортанды ауданының жұмыс берушілерінің тарапынан да қолдау тапқан.

Наталья Чичулина бизнеспен айналысуды көптен бері іштей ойластырып жүретін. Оны жүзеге асыру үшін бірнеше идеясы да болған. Содан соң ол тауарлар мен қызметтерге сұранысты зерттеді. Нәтижесінде өз ісін бастап, жеке кәсібін ашты. Наталья аудандық жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінеді. Бизнестегі артықшылықтар мен кемшіліктердің бәрін зерделеді. Сөйтіп, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының екінші бағыты бойынша "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде оқудан өтті. Тиісті құжаттың бәрін жинады. Оны тапсырып, несие алуға өтініш береді. Нәтижесінде 5 миллион теңге көлемінде несие  алады. Қазіргі уақытта Наталья азық-түлік дүкенін ашты. Тіпті жаңа жұмыс орындарын ашыуға да мүмкіндігі туды.

НАТАЛЬЯ ЧИЧУЛИНА, КӘСІПКЕР   Мен «Бастау бизнес» жобасы бойынша білім алып, «Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын несие алдым. Қазіргі уақытта  2 қызметкерім бар. Алдағы уақытта өз бизнесімді кеңейтуді жоспарлап отырмын. Мен азық-түлік дүкенін ашқанға дейін жеке компанияда 10 жылдан астам уақыт есепші болып жұмыс істедім. Сондықтан бизнес жайлы аздап мағлұматым болды. Кездейсоқ келдім деп айта алмаймын. Ал дүкендегі тауарларды әрдайым түрлендіріп отыруға тырысамыз. Сапасына келсек, ол да жергілікті тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Барлық тауарлар үлкен сұранысқа ие. РКС: Аталмыш жобаның арқасында қазақстандықтардың жаңа мамандықты игеруге, кәсіпкер болуға немесе жастар практикасынан өтуге мүмкіндігі бар. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламаның ауқымы кеңейіп, жаңа бағыттар пайда болуда. Ол дегеніміз – жаңа мүмкіндіктер. Яғни, мемлекеттің қолдауымен өз ісін ашқысы келетін жандарға  барлық мүмкіндік жасалған. Ауыл тұрғындарының шағын бизнеске үлкен қызығушылық танытып отырғаны қуантады. Аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары атап өткендей, іскер адамдар саны артып келеді.  Шортанды ауданындағы аталмыш мекемеге 870 адам жұмыспен қамту мәселелерін шешуге қатысты көмек сұраған. Оның 749-ы жұмысқа орналастырылды. Мекеме кәсіпкерлік негіздерін  оқытуға ерекше назар аударып отыр.

ЕРБОЛАТ ЖАПАРОВ, АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағыты бойынша 65 адам кәсіпкерлік негізін үйренуге оқуға жіберілді. Соның 47-сі оқуды табысты аяқтап шықты. 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 33 грант бөлінді. Сондай-ақ осы бағыт бойынша 33 қатысушы 145 миллион теңгеге шағын несие алып, кәсібін бастап кетті.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары көп ретте жұмыс берушілердің хабарласатынын айтады. Бос орындарға қызметкерлер іздеуге көмектесеміз, - дейді. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Өйткені, біріншіден, жұмыспен қамту орталығына екі қолға бір күрек іздеп жүрген нағыз мамандар хабарласады. Екіншіден, болашақ қызметкерлерді оқытудың мүмкіндігі зор. Шортанды ауданы бойынша қысқа мерзімді курстарға 12 миллион теңге бөлінгенін атап өту керек. Бұл бағдарламаға қатысушылар аспазшылық өнердің қыр-сырына үйретіледі. Сондай-ақ бьюти-индустрия саласының шеберлері мамандығына, қазандықтардың операторлығына, тігіншілікке де оқытылады. Аталған мамандықтар қазіргі нарықта зор сұранысқа ие болып отыр.

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ӘЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА, АЛМАС СЕЙФИДИНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 247 раз