Понедельник, 30 ноября 2020 17:38

БЕКІМ ШЫҚҚАН БИІКТЕР

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Еркін күрестен КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бекім Жапаров бүгін 70 жасқа толып отыр. Қасиетті Қызылту өңірінен түлеп шыққан қыран бозкілемнің күштісі болуымен қатар, 100 деген балуандарды тәрбиелеп шығарған бапкер ретінде де танымал тұлға.

Қызылтуды жауырыны жерге тимейтін, бұла күштері бұлқынған балуандар, мекені, - дейді жұртшылық. Ресейдің Омбы қаласында бара жатқанда Қажымұқан мен Балуан Шолақ жергілікті ақсақалдардың ақ батасын алып аттанады екен. Белгілі балуан Ахметжан Қазымбетовтің  де Қызылтудан қанат қағып қазақ спортының жарық жұлдызына айналып, Республикалық  «Қайрат» ауыл спортына жетекшілік еткені тарихтан белгілі. Елжанды азаматтың соңынан ерген інілері қаншама. Солардың бірі 70-тің ауылына боз кілемнен алшақтамай жеткен Бекім Жапаров. Ол орта жеңіл салмақта кешегі Кеңес одағы құрамасы сапында күресті.

БЕКІМ ЖАПАРОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ  Күрес өнерінің  Қызылтуда бастап үлкен спорттық жолды Алматты жалғастырғанымды  әр сұхбатымда айтып жүрмін. Маған сол кезде жерлес ағам Ахметжан Қазымбетов қол үшін берді.Талай халықаралық жарыстарға барып жеңіске жетуіме қазақ бапкерлерінің үлесі зор.Әлемге танымал Аманжол Бұғыбаев марқұм Жақсылық Үшкемпіровпен бірге оқу жаттығу жиындарында болдым.Өмірімнің 40 жылдан астамын бапкерлікке арнап 100 деген шәкірт тәрбиелеп шығардым. Бұлда менің спорт саласындағы еңбегінің жемісі деп білемін.

Бекім Жапаровпен бірге ұзақ жылдар қоян қолтық еңбек еткен  бапкерлер аз емес.Олар әріптестері жайлы әр кезде жақсы пікірде.

МАРАТ ЖАРМАҒАМБЕТОВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚАЙРАТКЕРІ Бүгін 70 жасқа толып отырған Бекім Жапаров менің жерлесім.Оны кілемге алғаш шығып жүрген күндерінен жақсы білемін.Орта бойлы шымыр бала балуандық өнердің биігіне шықты.Ол әлемге танымал спортшылармен бірге талай жарыстарға қатысты.Шебер балуан өңірімізден талай талантты балаларды тәрбиелеп шығарды.Әлі де бабында деп санаймын.Бұл бапкер үшін үлкен бақыт.

30 жылға жуық Щучинск қаласында еркін күрес, және ұлттық спорт ойындарынан дәріс беріп жүрген Бекім Жапаровқа Бурабай баурайының жұртшылығы дән риза.

ЖҰМАТАЙ ӘБІЛҚАСОВ, ӘРІПТЕСІ Бекім ағамыз Бурабай ауданына келген беттен ақ еркін күрес мықтап дамыды.Ол өмірден ерте озған жергілікті бапкер Кәрімовтың ізін лайықты жалғастырды.Өзі де Бурабай ауданы құрама командасының сапында ұлттық спорт түрлерінен жарысқа қатысты.Сөйтіп жастарға өнеге болды.

Ұстаздан шәкірт озады деген осы болар. Бапкер Бекім Жапаровтан тәлім алған Аян Шөкенов облыстық жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің директоры.Евгений Судейкин, Фархат Шаимов,Ораз Шырақпаев және  ұлы Ерік Жапаров білікті бапкерлер  қатарында. Біз білетін Бекім Жапаров жақсы жаттықтырушы, ұлағатты ұстаз. 70 жасыңыз құтты болсын балуандар өлкесі Қызылтудың қыраны.

kokshetautv.kz

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 249 раз
Другие материалы в этой категории: « «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІ Телега и Ferrari »