Понедельник, 30 ноября 2020 17:34

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл Балкашино ауылында аудан орталығының тұрғындары үшін әмбебап дүкен ашылды. Ал,  Бірлік ауылында шиномонтаж станциясы іске қосылды. Ауыл тұрғындары «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттің зор қолдауына ие болып отырғандарын атап өтті. Сондықтан, жергілікті жеке кәсіпкерлер бизнес-жоспарларын батыл ұсынып, өз кәсіптерін ашуда.

Әмбебап дүкеннің ашылуы  аудан орталығының тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Жаңа маркет, қаланың ірі сауда дүкендерінен кем емес.  Азық-түлік пен тұрмыстық тауарлардың түр-түрі қойылған. Сондай-ақ, сөрелерге жергілікті өнімдерде саудалануда. Жергілікті кәсіпкер Роман Локусов алғашында  дүкен ашып, жергілікті өнімдерді саудалуға сенім білдіріді. Бірінші міндеті – дүкен ашып, сауданы карта арқылу жүргізу болды. Кәіспкердің бұл ойы толығымен жүзеге асырылды. Әлі де жоспарлар көп.

РОМАН ЛОКУСОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР  Бастапқыда мен шағын бөлім аштым. Аз ғана уақыт жұмыс істедім. Одан соң, сол бөлімді кеңейтіп, жұмысты жандандырғым келді. Әрине, оған менің  меншікті қаражатым  жеткіліксіз болды. Мен басқа жұмыстың басқа қырын қарадым. Кейін маған осы бағдарлама туралы айтты. Яғни жергілікті билікке, әкімдікке жүгіну керектігін ескертті. Содан наурыз айында арнайы оқудан өтіп, құжаттарды жинап, 6 процентпен 6 миллион тңге ақша алдым.

Бұл ақшаға Роман сауда нүктесін кеңейтіп, өнім түрін көбейтті. Сондай-ақ кәсіпкер бөлшектеп және көтерме сауданы жүзеге асырады. Осы көтерме сауданың тағы бір тиімділігі  тұтынушылар облыс орталығына жиі қатынамайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы ерекше  назарға алынған. Мысалы, буы бұрқыраған нан жергілікті наубайханадан сатып алынады. Егер сатып алу бағасы - 90 теңге болса, үстемеақы бар болғаны 5 теңгені құрайды.

Бұрындары Бірлік ауылының тұрғындары көлік дөңгелектерін ауыстыру үшін 60 шақырымды еңсеруге мәжбүр болатын. Бұл оларға көптеген қолайсыздықтар тудырды. Дәл сол кезде ауылында Ризван өз кәсібін ашу туралы жобасын ұсынды.

РИЗВАН ТЕПСАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша өзімнің  шиномонтажымды аштым. 530 мың теңге көлемінде грант алып, өз бизнесімді жандандырдым. Бұл қаражат маған жеткілікті болды. Қазір ақырындап жұмыс істеп жатырмын. Пайдасы да мол.

Осылайша, Сандықтау ауданында жыл сайын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып келеді. Бүгінде халыққа қызмет көрсететін осындай нысандар басты назарға алынған. Болашақта бұл қызмет көрсету орталықтары кеңейіп, жаңа жұмыс орындары ашылатыны сөзсіз.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, АБАЙ КӘКІМБЕК,АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ,

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 271 раз