Понедельник, 30 ноября 2020 17:30

КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУДЕГІ ЗАҢСЫЗДЫҚТАР

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Елдегі карантинге байланысты қалыптасқан жағдай білім беру саласына да бірқатар өзгеріс енгізіп отыр. Бірақ, бұл білім сапасына еш кедергі келтірмеуі тиіс. Кезекші сыныптарда сабақ беретін ұстаздарға артылып отырған салмақтың қаншалықты екені де белгілі. Осы ретте білім және ғылым министрі кезекші сынып мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге қатысты тапсырма берген болатын. Білім сапасын қамтамасыз етуге жауап беретін сала мамандары өңірде бұл мәселеге қатысты бірқатар заң бұзушылықтың орын алғанын мәлімдеп отыр.

ГҮЛНӘР ТАСБОЛАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Жарқайың және Шортанды аудандарында жалақы үстемесі бойынша 25 процент берешегі бар. Департамент аудандардың білім бөлімінің басшылығының назарын қаржылық қарызды төлеуге бірнеше рет аударды.  Білім және ғылым министрлігі педагог қызметкерлердің жалақысын есептеп беру туралы жағдайды бақылауда ұстауда.  Атап өткен аудандардың әкімшілігіне барлық төлемдерді ҚР «Педагог мәртебесі» туралы Заңының 8- бабы 1- тармағына сәйкес уақытылы және толық төленуін қамтамасыз етуді сұраймыз.

Департамент мамандары өңірдегі бұл келеңсіздікке қатысты мәселені назарда ұстайтындарын айтады. Тиісті органдарға хат жолданған, мәселенің анық-қанығын солар зерделейді. Білім беру қызметінің көрсетілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру да осы департамент міндетінің құзырына жатады. Биыл Ақмола облысы бойынша 31 мектепке күрделі жөндеу жұмысын жүргізілуі тиіс еді. Бұл жұмыстарға мемлекеттен 6,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Десе де, күні бүгінге дейін Біржан сал, Сандықтау,  Бурабай, Қорғалжын аудандары бойынша  жоспарланған 6 мектепте жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Жергілікті бөілім бөлімдері  мердігер компаниялардың үстінен сотқа арызданған.

СЕРІК АЛТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ Сот талқылаулары жүріп жатыр. Облыс бойынша күрделі жөндеу жұмыстары республика деңгейімен салыстырғанда өте сылбыр. Бұл әрине, өңір үшін жақсы көрсеткіш емес. Сондықтан, көш соңында қалып келе жатқан өңірлерде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін қатаң шаралар қабылдау қажет деп есептеймін.

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз етуге жауапты мамандар облыс бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі көңіл көншітпейтінін айтады. Қазіргі басты мақсат орын алған олқылықтарды жыл соңына дейін түзету қажет. Уақыт тығыз. Сондықтан, барлық күш-жігерді осы бағытқа жұмылдыру қажет екенін тағы бір еске салды.

kokshetautv.kz

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 281 раз