Понедельник, 30 ноября 2020 17:26

ӨҢІРГЕ ТАБИҒИ ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Аршалы ауданында 17 елдімекенге газ тартылады. «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аяқталса, бұл өңір алғашқылардың бірі болып орталықтандырылған газ желісіне қосылады. Өңірдегі  өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтырмен салыстырғанда 63,3 процентке өскен. Нәтижесінде, халықтың экономикалық белсенділігі артып, мемлекеттік бюджетке 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы түсті. Аршалы ауданның 10 айдағы  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы әріптесім Айсәуле Съезбек  баяндайды.

Аршалыда биыл 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Оның жалпы сомасы 100 млрд теңгеден асады. Соның бірі –Бұлақсай ауылындағы қуаты 100 МВт болатын «ЦатэкГрин Энэрджи» жел паркінің құрылысы. Жоба жыл соңында қолданысқа беріледі. Нәтижесінде, 19 адам тұрақты жұмысқа орналасады.  Жергілікті бюджетке 300 млн. теңге салық түспек.

ТАЛҒАТ МҰХАНБЕДЖАНОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Сонымен қатар, "Борей Энерго" серіктестігі осы ауылда қуаты 156 мВт жел паркін салу жоспарын аяқтап, құрылысты бастауға кірісті. Жобаның жалпы құны 70 млрд. теңгені құрайды.+ скл+Волгодонов ауылдық округінде тағы да бір кірпіш зауытының құрылысы басталды. Зауыт жылына 100 млн. дана кірпіш шығаратын болады,  инвестицияның  құны 12 млрд. теңгені құрады. Жібек жолы округінде аграрлық-кредиттік корпорацияның көмегімен 6 мың тонна құс етін өндіру қуаты бар құс фабрикасының құрылысы іске асырылуда. Бұл инвестиция ғана әкеліп қоймай, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Аршалы жұртшылығының негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы. Биыл аудан көлемінде 230 мың тонна астық жиналды. Бұл былтырғыдан 34 процентке жоғары.  Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы аясында 40 адамға 20 млн. теңгенің қайтарымсыз гранты берілген. Нәтижесінде, шағын кәсіпорындар саны 250-ге жуықтап, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18 млрд. теңгеден асты. Жаңадан 800 жұмыс орны құрылды.

ТАЛҒАТ МҰХАНБЕДЖАНОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Мал басы санының өсуі де байқалуда. Ағымдағы жылы  жалпы саны 404 бас етті тұқымды 3 ферма құрылысы іске асырылды және «Аумақтарды дамыту бағдарламасы» аясында100 басқа арналған тағы екі сүт фермасы және инвестиция көлемі 500 млн.теңгені құрайтын бір ет бағытындағы ферма құрылысы үшін жер учаскелері бөлінді.

 «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 694 млн. теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Тұрғын үйлерді коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету үшін 48 шақырым электр желісі мен 54 шақырым су құбыры тартылған. Халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін 45 пәтерлі екі тұрғын үйдің жобасы әзірленген. Жалтыркөл мен Жібек жолы ауылдарында 300 орындық екі мектептің құрылысы басталды. Бұл 3 жылдан бері 3 ауысымда оқып жүрген мектептердің жүгін жеңілдетеді. Айта кетерлігі, төтенше жағдай кезінде әлеуметтік көмекке мұқтаж 4500 азаматқа 25 млн. теңгеге тиісті көмек көрсетілді. Ал коронавируспен күреске аудандық резервтен 30 , облыстық бюджеттен 75 млн. теңге бөлінген.

kokshetautv.kz

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 279 раз