Понедельник, 30 ноября 2020 17:19

ЕРТЕ, ЕРТЕ, ЕРТЕДЕ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «Ерте, ерте, ертеде...» атты онлайн байқау өз мәресіне жетті. Сайысқа 45 жастан асқан әжелер қауымы қатысқан. 5-20 қараша аралығында  іріктеуі  өткізілген облыстық байқаудың 6 жеңімпазы анықталып, бүгін марапатталды.

Майра Орындыққызы – 13 немеренің әжесі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, немерелерінің қазақ тілін жетік білуіне, ұлттық дәстүрді бойға сіңіріп өсуіне үлесін қосып жүр. Бірлік мөлтек ауданынының атынан қатысқан әже байқаудың І орын иегері болды. Тек байқауда ғана емес, күнделікті өмірде де немерелеріне ертегі айтудан жалыққан емес.

МАЙРА ОРЫНДЫҚҚЫЗЫ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дейді ғой. Өзім қазақ тілінде үнемі таза сөйлеулеріне талап қойып, қадағалап отырамын. Көп-көп рахмет! Өте жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әжелердің ертегі айту салты қалыптаспай жатыр. Көбі тілдерін орысшалап, балалар да басқа елден келгендей шүлдірлеп сөйлейді. Міне, сондықтан да әжелер осындай іс-шараға қатысып отырса, күнделікті балаларға ертегісін айтып, бесік жырымен әлдилесе, таза тілді, салиқалы ұрпақ өседі деп ойлаймын. Ал, енді, басқа ағылшын, орыс  тілдерін үйренуіне шек қоймаймыз.

Байқауға 60-тан астам әже қатысқан. Оның біреуі өзге ұлт өкілінен. «50 мен 60 жас аралығындағы әжелер ертегіні кітаптан оқыса, 70-тен асқан ақ жаулықты әжелер жыр ғып жатқа айтты. Бұл да ертегі айту үрдісінің үзіліп бара жатқандығы»,–дейді «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі.

МАРАЛ ЖАҚЫПОВА,  «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ӨҢІРЛІК ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ Ертегі деген – тәрбиенің көзі. Ертегіменен сусындап, ертегілердегі батырларға ұқсағысы келіп, адалдықты, жақсылықты жақтап өскен баланың ертеңі де жарқын болары сөзсіз. Екіншіден, бұл іс-шараның тәрбиелік мәні тек қана балаларға ғана емес, аналарға, әжелерге де өте зор деп ойлаймын. Себебі, мынау қазақ халқының алтын сандығы болып саналатын ауыз әдебиетінің сандығын қопарып, нәрін алып, жас ұрпақтың бойына сіңіру дегеннің өзі де үлкен шаруа. Бұл – ұлттық құндылығымызды жоймаудың атадан балаға мирас болатын тамаша дәстүрімізді жалғастырудың бірден-бір жолы.

Бауқау қорытындысында Майра Орындыққызы бас жүлдені жеңіп алса, ақкөлдік Күлсара Құмарбек екінші, красныйярлық Светлана Қаби 3-ші орынды місе тұтты. Үздік деп таналған 20 ертегі әлеуметтік желіде. Халық қазынасын өңірлік кеңсенің порталынан көре аласыздар.

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 294 раз