Понедельник, 30 ноября 2020 17:13

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫДУ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Зеренді ауданы – тау-кен өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан өңір. 10 айда өнім өндіру көлемі 341 миллиард теңгеге жеткен. Мысалы, «Алтынтау Көкшетау» кәсіпорны 21 тоннадан астам алтын және 346 килограмм күміс өндірді. Сондай-ақ, өңірде бірнеше ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қатысты  жұмыстар атқарылып жатыр.

Құмдыкөл алмас кен орнында техникалық алмас концентраттарын шығаратын фабрика салынбақ. Жоба құны 11 миллиард теңге. Жылына 3 мың тонна концентрат шығаруға қауқарлы фабриканың құрылысы 2022 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұлақ ауылдық округінде кірпіш зауытының құрылысы басталды. Ол іске қосылса, жылына 22 миллион дана кірпіш шығарылмақ. Тағы 2 ірі ауыл шаруашылығы жобасын іске асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

БАУЫРЖАН ҒАЙСА, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ  Жылына 50 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасын және 50 мың тонна шошқа етін өндіретін кешен  салу жоспарда бар. Сондай-ақ, ірі қара мал етін өңдейтін, қоян өсіретін кешендер жобасы да кезең-кезеңімен іске қосылмақ. Тұтастай алғанда, барлық жобаларды алдағы 5-6 жылда жүзеге асыру арқылы ауданға 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартамыз. Бір мыңнан астам жұмыс орны ашылады.   

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 12 жобаны жүзеге асыруға 536 миллион теңге бөлінген. Викторовка ауылының ішкі жолдары, су құбырын тарату желілері күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, 50 миллион теңгеден астам қаражатқа Зеренді ауылы абаттандырылды. Ауданда баспана мәселесін шешу де басты назарда. 5 мың шаршы метрден астам жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінде аудан орталығындағы Ілиясов көшесінде 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қаңтар айында кезекте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берілмек.

БАУЫРЖАН ҒАЙСА, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ  Зеренді ауылында бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 289 миллион теңге. Бұған қоса, Зеренді ауылының бас жоспарын түзетуге, Серафимовка және Кіші Тұйықты елдімекендерінің бас жоспарын әзірлеуге 47 миллион теңге қаражат бөлінді.

Аймақта жол инфрақұрылымы да жылдан жылға жақсарып келеді. 11 елді мекеннің жолын жөндеуге 652 миллион теңге бөлінген. Облыстық маңызы бар «Еленовка-Чистополье-Есіл», «Қонысбай-Сейфуллин-Қызылсая» жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 11 ауылда су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

kokshetautv.kz

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 258 раз