Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес жыл соңында сыртқы экономикалық саудамен айналысатындар үшін жүк тасымалына тауар-ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу шарасы біршама жеңілдетіледі. Жаңа жүйеге толық көшу келер жылдың алғашқы жартыжылдығына жоспарланған. Пилоттық жоба бұл рәсімге біртіндеп көше отырып, оны міндетті түрде енгізуге ықпал етпек.
АХМЕТЖАН ХАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ Бұл рәсім Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан кедергісіз өтуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін барлық төлеушілер тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды толтыруға міндетті. 20 күнтізбелік мерзім өткеннен кейін, олар сол құжаттарын растауы керек.
Одан соң сатып алушы жүкті алғаннан кейін ілеспе жүкқұжаттарды да растайды. Белгіленген мерзім – 20 күнтізбелік мерзім, ал акцизделетін тауарлар үшін 5 жұмыс күні. Жобаны енгізу үш кезеңге бөлінген және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жүк тасымалдауға қолданылады.
АХМЕТЖАН ХАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ Бұл жоба Қазақстанда алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл рәсім біршама қысқарды. Бұған дейін мемлекеттік приницптер бойынша жүзеге асырылып келген еді, шекараға келген кезде біраз тұрып қалатын. Енді көліктер еш кедергісіз өте береді. Өткізу бекетінде отырған біздің мамандар жүк тиелген көлік шекараға өткен кезде ол туралы барлық мәліметті алдын-ала көріп отырады.
Пилоттық жоба іске қосылған кезеңде салық төлеушілерге әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылмайды. Бұл ең алдымен жаңа тәртіпке бейімделуге әрі өздерінің есептік жүйесін шоғырландыруды реттеуге мүмкіндік береді.
ТАБЫСБЕК ҮСЕН, АБАЙ КӘКІМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ