Понедельник, 30 ноября 2020 15:22

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ НАҚТЫ МҮМКІНДІКТЕРІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру – Ақмола облысының елді мекендерінде өз жемісін беруде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Зеренді ауданында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын. Осындай жобалар есебінен 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Ауданда тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға баса мән беріледі. Бірінші кезекте жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық мәселелер шешілуде.

ЛЮБОВЬ АСТАФЬЕВА, АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бірінші кезекте жетімдерге, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына беріледі. Жобаға жұмыспен қамту орталығы арқылы 24 адам жұмылдырылған.

Осылайша, тұрғын үй қорын кеңейту және жұмыссыздарды жұмыспен қамту мәселелері шешілмек. Жалпы, биыл жұмыспен қамту орталығы арқылы 153 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған. Оның сыртында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында уақытша жұмысқа орналасқандар тағы бар.

АСАН СМАТОВ, АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 238 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл  көбіне құрылыс нысандары бойынша, мысалы 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысына біраз адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, бірқатар ауылдық округтерде жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Біз ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырдық.

Ауданда жастар тәжірибесі де табысты жүзеге асырылуда. Бағдарламаның осы бағыты аясында 45-тен астам жас маман жұмысқа орналастырылды.

kokshetautv.kz

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, АБАЙ КӘКІМБЕК, АЗАМАТ  БЕКМАҒАНБЕТОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 225 раз