Понедельник, 30 ноября 2020 15:18

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН МАЛДАРДЫҢ КЕСІРІНЕН 42 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛГЕН

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл өңірде қараусыз қалған малдардың кесірінен 42 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бір ғана Зеренді ауданында осындай 12 жағдай орын алған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қараусыз қалған малдың иелерін іздестіріп жатыр.

Жол-көлік оқиғасының орын алуына негізгі себеп – қараусыз қалған малдар. Жануарлардың автожолдарда көліктерге соғылуынан бүгінде 6 адам зардап шеккен.

ӘСЕТ БАЙТЕЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 812 үй жануары қамалды. Облыс бойынша 85 арнайы қора бар. Сондай-ақ, осы үй жануарларының иелеріне ескерту түрінде әкімшілік  шара қолданылды. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне  сәйкес мал иесі екінші рет заң бұзса, оған 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қараша айында 2 дерек тіркелді. Көлік жүргізушісі зардап шегіп, автокөлікке материалдық залал келді. Учаскелік инспекторлар қараусыз қалған мал иелерін анықтауға қатысты жұмыстар жүргізіп жатыр.

Малды арнайы қоралардан алу үшін иелері оның жануары екенін растайтын анықтама мен құжаттарды көрсетуі қажет. Оның ішінде ауыл әкімдігінің, табыншы мен мал иесінің арасында үш жақты келісім-шарты болуы тиіс.

АНДРЕЙ ТРАЙБЕР, ЗАРДАП ШЕГУШІ  Таңғы сағат 6-да Константиновка ауылынан Көкшетауға жолға шықтым. Қараңғыда белгісіз жақтан жылқы атып шығып, жол-көлік оқиғасы орын алды.

Оқиға орнында табыншының қарауынсыз жүрген 300-ге жуық жылқы анықталды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары мал иесін және жануарлардың неліктен жолға жақын жайылып жүргенін анықтап жатыр. Осы жағдайларға байланысты Ақмола облысының полицейлері  малды белгіленген жерлерде бағуға мән беріп,  міндетті түрде таңбалау қажеттігін айтады.

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, РУСЛАН ВОТИН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 220 раз