Понедельник, 30 ноября 2020 14:39

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ТІРКЕУ АЯҚТАЛДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркеу аяқталды. Бұдан былай, медициналық сақтандыруға ие өңір тұрғындары кепілдендірілген көмек түрлерін тегін алады. Екі ай бойы жалғасқан науқанда  бұрын медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелмеген 3 мыңнан астам ақмолалық анықталды.

Әрбір Қазақстан азаматы екі медициналық статусқа ие болуы шарт. Оның бірі – медициналық сақтандырылуы болса, екіншісі белгілі бір медициналық қызмет көрсету мекемесіне тіркелу. Бұл ретте емхананы, емдеуші маманды азаматтардың өздері таңдауға құқылы. Егер тұрғын ешбір мекемеде тіркелмесе, оған тек қана шұғыл медициналық көмек түрлері тегін көрсетіледі. Екі медициналық статусы да бар тұрғынның тегін медициналық қызмет алуы үшін дәрігердің нұсқауы болса жеткілікті.

ӘЛИЯ ЖҮСІПОВА,  МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  Тіркеуге алу 15 қыркүйекте басталып, 15-ші қарашада аяқталды. Облыс бойынша 787 мың адам тіркеуге алынды. Оның 3 мыңнан астамы бұрын тіркелмеген өңір тұрғындары. Сонымен қатар тіркеуге егов порталы арқылы онлайн тіркелу мүмкіндігі де ұсынылды. Биыл алғаш рет «Авиценна» жекеменшік медициналық ұйымы қызмет көрсетуге өтінім берді. Яғни, келер жылдан бастап, Көкшетау қаласында медициналық сақтандыру бойынша кепілді қызмет көрсететін мекемелер саны 25-ке жетеді.  Олар 2021 жылы халыққа тегін қызмет көрсету бойынша біздің қормен келісімшарт жасайды.

Тегін медициналық көмекке компьютерлік томаграфия, магнитті-резонансты томаграфия тәрізді бұрын тек ақылы түрде ұсынылып келген медициналық қызмет түрлері енген. Бірқатар қызмет түрлері жекелеген әлеуметтік топтарға ғана тегін ұсынылады. Мысалы, балалар, жүкті әйелдер мен зейнеткерлер ғана тіс дәрігерінің шұғыл көмегіне жүгіне алады.

ЗӘУРЕШ БАПАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ  ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  Тегін ұсынылатын медициналық қызметтің толық тізімі ресми сайтттарда жарияланған. Соның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және емханалардың сайтынан  да табуға болады. Тұрғындар екі статусқа да ие болуы шарт. Егер әлдебір емханаға тіркелмесе, ол адам тегін көмек алмайды.

Жалпы облыс аумағында медициналық сақтандыру қоры бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі бар 80 мекеме тіркелген. Оның 38-і мемлекеттік және  42-сі жекеменшік иелігінде.  Биыл оның тек  47-сі тұрғындарды қор қаржысына емдеуге ынта білдірген. Олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында 50 және міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысына 64 қызмет түрі бойынша келісім-шарт жасасқан. Мамандар келер жылы бұл көрсеткіш артады де

kokshetautv.kz

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ. АБАЙ ТӨЛЕГЕН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 214 раз Последнее изменение Понедельник, 30 ноября 2020 14:43