Понедельник, 30 ноября 2020 14:32

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетау және Степногорск қалаларында карантин талаптары күшейтіледі. Енді қос шаһарға қолыңызда арнайы тест қорытындысы болмаса кіріп шығуға рұқсат жоқ. Қала ішіндегі көлік қозғалысына да шектеу қойылады. Себебі, дәл осы екі аймақ індеттің негізгі ошағына айналып отыр. Осыған байланысты облыстың санитарлық бас дәрігері Айнагүл Мусина жаңа қаулы қабылдады. Бұл құжат 28 қарашада күшіне енеді.

Өңірде індет тағы өршіп барады. Сондықтан санитарлық бекеттерде талап күшейтіледі. Сонымен қатар, Көкшетау және Степногорск қалаларында азық-түлік, тұрмыстық  заттар сататын дүкендердің жұмысы таңғы сағат жетіден  кешкі сегіз жарымға дейін, ал базарлар таңғы оннан кешкі сегізге дейін жалғастырады. Сенбі және жексенбі күндері бұл нысандар жұмыс істемейді. Ал, аудандардың жұмыс тәртібіне өзгерту еңгізілген жоқ. Сонымен қатар, Көкшетау мен Степногорск қалаларында көлік қозғалысы да қатаң тәртіп бойынша ғана жүреді.

АЙНАГҮЛ МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС  ДӘРІГЕРІ  Көкшетау және Степногорск қалаларында кешкі сағат 21:00-ден таңғы 6-ға дейін көлік  қозғалысына шектеу қойылып отыр. Ақмола облысының қалған аймақтарында әдеттегідей көлік қозғалысы сағат 23:00-ден бастап таңғы  06:00-ге дейін тоқтатылады. Сонымен қатар, поезд, электр поездары мен  облысаралық, қалаішілік автобустар да жүрмейді.  Діни ошақтар мен мәдени мекемелердің қызметіне уақытша шектеу қойылды.

Ал, жұмыс күндері істейтін сән салондары, монша мен шаштаразға келу үшін алдын ала жазылу қажет.  Қала ішіндегі таксиге 2 адамнан артық отыруға болмайды.  Мерекелік кештер мен дұғалардағы адам саны 30 адамнан аспауы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің  басым бөлігі жұмысын қашықтан істеуге ауысады.

АЙНАГҮЛ МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС  ДӘРІГЕРІ  Мемлекеттік қызметкерлердің 80 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Яғни, мекемедегі қызметкер саны 20-дан аспауы тиіс. Ал, облыстың басқа аймақтарында 30 қызметкерге дейін рұқсат етілген. Жұмыс уақыты таңғы тоғыздан кешкі алты жарымға дейін жалғасады. Карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс.

Ақмола облысы әлі де қызыл аймақта. Соңғы тәулікте 75 адам қауіпті кесел жұқтырған. Бүгінде провизорлық орталықта 210 науқас емделіп жатыр. Ақ халаттылар  халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жақынымызға жанашыр болайық! 

kokshetautv.kz

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАХАНГЕР МҰҚАНБЕТОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 272 раз