АЙГҮЛ ОРАЗАЛИНОВА, АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ : Осы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы арқылы 530 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Аурухана пайдалануға берілгелі 50 жылдан асса да құрылысшының қалағы тиген жоқ. Сондықтан ауруханамыздың заманауи талаптарға сай жаңаратынына қуаныштымыз.
Күрделі жөндеу аурухананың төрт бөлімшесінде қатар жүріп жатыр. Сондай-ақ, ғимараттың аумағын абаттандыру мен жарық орнатуға ерекше назар аударылған. Бұған дейін мұнда тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі эпиджағдайға орай, құрылысшылар техникалық ерекшеліктерді де ескеруде.
АЙГҮЛ ОРАЗАЛИНОВА, АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ : Бізде орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету жүйесі іске қосылады. Желдеткіш кәріз жүйелері жаңартылып жатыр. Сумен жабдықтау, жылу жүйелері түгел ауыстырылады.
Аудандық аурухана қызметкерлерінің қатары жаңа мамандармен толығып келеді. Қазіргі уақытта 38 дәрігер бар. Биыл ұжымға жас хирург келіпті. Коронавирус инфекциясының алғашқы толқынында Сандықтау ауданының дәрігерлері өзге өңірлердегі әріптестеріне де көмек көрсеткен.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АБАЙ КӘКІМБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ