Понедельник, 30 ноября 2020 14:09

БАЛ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетауда дәстүрлі бал жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл жолы омарташылар «Бал әлемі» деп аталатын Шакиров компаниясы ұсынған пайдалы өнімнің  30-дан астам түрін әкеліпті. Дәмі тіл үйіретін бал сатушылармен әріптесім Тілек Қайыржан жүздесіп қайтты. 

Жәрмеңкеге Башқұрт, Алтай, Адыгей, Кавказ елдерінен жиналған балдың түр-түрін әкеліпті. Сонымен бірге бал өнімдерінен жасалған түрлі дәрумендер, сусабындар, жақпамайлар, шайлар бар.

НАТАЛЬЯ МУКУСТУЛИСТОВА, САТУШЫ  Дәл қазіргі сәтте бал өнімін пайдалану қажет. Түрлі аурудың алдын алу үшін имунитетті көтеру керек. Бізде  «Перга» деп аталатын балда бірнеше дәрумен мен минерал  бар. Ол асқазанға, анемия кезінде, ас қорыту жүйесіне өте пайдалы. Ал «Царская» балы организмді жақсартады. Ол тұмау ауруларында,  қабыну кезінде, сондай-ақ, асқазан мен жүрекке жақсы әсер етеді. «Каштановый» балы тұмау ауруларымен қоса, ер адамдардың денсаулығына да өте пайдалы. Сондай-ақ, өкпе дертіне шалдыққандарға да емдік қасиеті бар. Бүгін жәрмеңкенің бірінші күні. Сатып алушылар келіп жатыр. Жақпа май, крем, бальзам, пайдалы шөптер, көзге тамызатын дәрілер секілді өнімдерді сатып алуда.

Жәрмеңкенің ерекшелігі – бір келі бал сатып алсаңыз, үстіне тағы сонша мөлшерде сыйлыққа береді. Сондай-ақ, келушілерге арналған сыйлықтың басқа да түрі ойластырылған. Табиғи таза өнім қашан да сұранысқа ие.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ  Башқұртстаннан әкелген балды жиі сатып аламыз. Өте дәмді, пайдалы өнім. Біз тұтынушы ретінде ризамыз. Сонау алыс жақтан әкеліп, осындай жәрмеңке өткізіп жатқанына рахмет. Отбасымызбен бұл балды жақсы жейміз. Бірнеше жылдан бері қанттың орнын осы балмен алмастырдық.

Айта кетейік, жәрмеңке «Истоки» мәдениет үйінде желтоқсанның 9-ына дейін жалғасады. Балмен сүт қатқан шай ішуді жақсы көретін қауым үшін жәрмеңке таңғы сағат 10-нан кешкі сегізге дейін жұмыс істейді.

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ДАРХАН САҒЫН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 225 раз