Понедельник, 30 ноября 2020 14:05

НАҚТЫ ІСТЕРДІҢ ЖЫЛЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

10 айда Ақмола облысында дамудың барлық жоспарлы индикаторлары орындалды. Экономикалық белсенділіктің драйвері инвестициялардың  өсуіне сеп болды. Өткен жылмен салыстырғанда инвестиция көрсеткіші 23 процентке  өсті. Нәтижесінде Ақмола облысы Қазақстан бойынша үздік үштікке еніп отыр. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, басқа да жарқын көрсеткіштерді  атап өтті.

Жыл басынан бері Ақмола облысының экономикасына 300 миллиард теңгеден астам қаржы салынды. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында шағын және орта бизнесті қолдауға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Осылайша, 20 мыңнан астам бизнес субъектісі салық жеңілдіктері мен несиелер бойынша шегерімдерге ие болды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 300-ден астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді. «Еңбек» бағдарламасының бағыттарын іске асыру шеңберінде 800-ден астам микрокредит пен  қайтарымсыз 700 грант берілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағыты бойынша жобаларды дамыту да ерекше бақылауға алынған.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  Жыл басынан бері Ақмола облысының экономикасына 300 миллиард теңгеден астам қаржы  бағытталды. Аймақтық бизнес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына белсенді қатысады. Биыл 15 миллиард теңгеге 120 бизнес-жоба қаржыландырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  үш есе көп. Жобаларды жүзеге асыруға қосымша 1300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру барысында жұмысқа орналастыру мәселесі туындады. Оның аясында 10 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Тұтастай алғанда, бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен еңбек нарығында 21 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 13 мыңы тұрақты жұмыс орны. Бұдан бөлек, кәсіпорындарды жаңғырту қарқынды жүзеге асырылып жатыр.  «Индустрияландыру картасы» бойынша 276 миллиард теңге болатын 38 жоба жүзеге асқан. Соның 14-і биыл аяқталады. Жобаның бірқатары ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Маңызды жоба ауыл шаруашылығы машинасын жасауда іске асырылды. Біздің аймақтың әлеуеті мен арнайы жұмысын ескере отырып, біз бұл бағытқа үлкен мән береміз. Ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі бөлігін соңғы 3 жыл бойы "КАИК" серіктестігі шығарып келеді. Техниканың 20-дан астам түрі.  Тоқтап тұрған комбайн зауыты қайта іске қосылды.  «KazRost Engineering» жаңа кәсіпорны жылына 800 комбайн шығара алады. Жобаға 7.5 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды.

Өңірде құрылыс индустриясы да  қарқынды дамып келеді. Кірпіш өндірісінің көлемі 7 есе өсті. Бұл екі жыл ішінде өңірдің құрылыс саласына қажетті кірпіштің сұранысын қанағаттандыра алады. Бірқатар кәсіпорын эпидемиологиялық ахуал жағдайында аса қажет саналатын өнім шығара бастады.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қорғаныс маскаларын, антисептиктерді және басқа құралдарды жаппай өндіру жақсы жолға қойылды. «Тыныс» зауыты үлкен қажеттілікке байланысты өкпені жасанды жолмен желдету аппараттарының өндірісін 10 есеге арттырды. Бүгінде 800-ден астам аппарат сатылды.

Облыс экономикасының негізі өнеркәсіппен қатар аграрлық сектор. Мемлекеттік қолдау мақсатында бұл салаға  шамамен 74 миллиард теңге бөлінді.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  Ақмолалық диқандар егін жинау науқанын белгіленген мерзім ішінде өткізді. Ауыл шаруашылығы  дақылдарының барлық түрлері бойынша жақсы өнім жинап алдық. 5,2 миллион тонна астық жиналды. Бұл ретте санаттылығы мен дән маңыздылығы егін сапасы өткен жылға қарағанда жоғары.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 100-ге жуық ет және 18 сүт-тауарлы  фермасы ашылды. Ал Макинск құс фабрикасы іске қосылғаннан кейін Ақмола өңірі импортты алмастыруда елеулі мүмкіндіктерге ие болды. Өңірді дамытудың барлық бағыттары бойынша Ермек Маржықпаев толық есеп берді. Облыс халқы жыл сайын көбейіп отыр. Соған байланысты тұрғындардың қажеттіліктері де артады. Бірінші кезекте тұрғын үй мәселесін шешу маңызды. Мәселен, «Нұрлы Жер» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері бір жарым миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. 13 мың ақмолалық қоныс тойын тойлады.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Мемлекеттік инвестициялар есебінен жалға берілетін 30 және несиелік 13 үй салынып жатыр. Қолжетімді тұрғын үй құрылысымен облыстың барлық аудан орталықтары қамтылған. Әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар үшін 500 жалдамалы пәтер бөлуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 175 отбасы жеңілдетілген баспанаға ие болды. Ақмолалықтар «7-20-25» бағдарламасына белсенді қатысады, бүгінге дейін 910 өтінім мақұлданды.

Білім беру саласындағы инвестициялар көлемі 2 есеге, Денсаулық сақтау саласында 3 жарым есеге артқан. Сонымен қатар, аймақтағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай ерекше назарға алынған. Медициналық нысандардың материалдық-техникалық базасы күшейтілді.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  Өңірде ПТР-талдауларға арналған 6 зертхана жұмыс істейді. Зертханалардың резервтік қуаты қажет болған жағдайда тәулігіне 7 мың тестке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Аз ғана уақыт ішінде 200 орынға арналған жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынды. Бүгінде  штат жасақталған және  медициналық қызметкерлер науқастарды қабылдап жатыр.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев республикалық түрлі басылымдар мен электронды бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Қазір елорда маңындағы елді мекендерді, туризмді дамыту және әлеуметтік мәселелер ең өзекті. Өңір  қарқынды дамып келеді, сондықтан, осы бағыттан таймаймыз, - деді өңір басшысы.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, АБАЙ ТӨЛЕГЕН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 240 раз