Педагогтардың үшінші форумы онлайн режимінде өтті. Экологиялық байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Аршалы ауданынан келген физика пәнінің мұғалімі Ернар Жүркен иеленді. Ол «жасыл старт-ап» жобасын сәтті қорғады. Сондай-ақ, конференция барысында Қазақстанның Ресей Федерациясымен ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
ГҮЛНАР КӨШПАЕВА, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ «Қазіргі жағдайда экологиялық дүниетаным және экологиялық мәдениетті қалыптастыру». Бұл тақырып біздің білім берудің мемлекеттік стандарты тұрғысынан өте өзекті. Барлық оқу жоспарларының мазмұнын жаңарту. Біз бірлесіп жұмыс істейміз.
ТАҚЫРЫБЫ: 6 АҚМОЛАЛЫҚ 100 ҮЗДІК СТУДЕНТ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
«100 үздік колледж студенті» республикалық байқауына Қазақстанның әр өңірінен 338 жас қатысты. Байқау қорытындысы бойынша үздіктер тізімінде алты ақмолалық бар.
АҚҚУ АМАНЖОЛОВА, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ Бастапқыда біздің колледжге шақыру хат келді. Біздің колледж үздік студенттерді іріктеп алды. Ең алдымен Instagram арқылы дауыс бере отырып іріктеу. Біз күнделікті өмірде немен айналысатынымыз туралы эссе жібердік. Сондай-ақ, ролик те дайындап жібердік. Біріншісі өз мамандығымыз, екіншісі-хоббиіміз туралы. Мен болашақ филологпын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде өзімді қалай елестетемін, осы туралы бейнематериал түсірдім. Ал екіншісі-еріктілік туралы.
Байқау жеңімпаздарына ҚР Білім министрінің атынан алғыс хат және 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Сондай-ақ, алты студенттің екеуі жұмысқа ресми шақыру алды. Естеріңізге сала кетейік, «Колледждердің 100 үздік студенті» жобасы дарынды жастарды қолдауға және қоғамдық жұмыстарды насихаттауға бағытталған.
ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ