Бұл тұрғыда шешімін таппаған мәселелер аз емес.Құзырлы орган жетекшілерінің есебіне қарағанда, тараптар мәселені шешуге бар күш-жігерін салып жатыр. Алайда нақты тетіктері айқындалмаған. Сондықтан да қалпына келтіруді қажет ететін 37 қосалқы станцияға қатысты мәселе әлі де шешілмеген.
АЛЕКСАНДР ПАВЛОВ, АҚМОЛА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ТАРАТУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Біз Талапкер ауылындағы қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуге келісім-шарт жасадық. Бастапқыда бізге тапсырылған 12 құрылғы жұмыс істеп тұрды. Біз оларды қабылдадық, қызмет көрсетіп жатырмыз. Бірақ әкімдіктен шығындарды өтеуге әлі көк тиыналған жоқпыз. Шығындарды жабуға шамамен 17 миллионтеңге керек. Себебі біз қосалқы станцияға қызмет көрсетуге 5 адамды жұмысқа қабылдап, бөлімше құрдық, көлік бөлдік.
БАҚЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 12 қондырғы қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. «АРЭК» компаниясы қызмет көрсетеді. Келісім-шарт жасалған. Бірақ, өкінішке орай Қазынашылықта бұл келісім-шарт тіркеуден өтпей қалды. Өйткені, мұндай ерекшелік құжат бойынша сәйкес келмейді. Келісімшарт бар, ақша бар, бірақ біз төлей алмаймыз.
Бұл мәселенің шешімі әзірге табыларемес. Оның бір ғана жолы бар.Қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу керек. Бұл тек жоғары биліктің құзырындағы дүние. Сондай-ақ, жиын барысында Бурабай ауданында бюджет қаражатының жұмсалуы жайлы есеп тыңдалды.
ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша қазандықтар мен жылу жүйелерін жөндеуге 1 миллиард 372 миллион 555 мың теңге бөлінді. Осы кезеңде 6 қазандыққа және жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Барлық жұмыстар жылу беру маусымы басталғанға дейін толық аяқталды.
Жалпы Бурабай ауданы бойынша бюджет қаражатын жұмсауға қатысты ешқандай ескерту болған жоқ.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ӘЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ