Воскресенье, 29 ноября 2020 12:15

А. Цой азаматтарды мереке күндері сақтық шараларын сақтауға шақырды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ брифингінде қазақстандықтарға үндеу жолдап, оларды алдағы мереке күндерде сақтық шараларын сақтауға шақырды.

«Өкінішке орай, қазір халық сақтық шараларына немқұрайлы қарап жүр. Коронавирустық инфекцияның алдын алудың негізгі шаралары маска тағуды, әлеуметтік қашықтықты сақтауды тоқтаттық. Карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында мобильдік топтар тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Оның нәтижелері бойынша, өткен аптада бұзушылықтардың үлес салмағы өзгерген жоқ және 10,7% - ды құрады», - деді А.Цой.

Алдағы ұзақ демалыс күндері мен жаңа жылдық мерекелерді ескере отырып, ведомство басшысы азаматтарды коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын қатаң сақтауға үндеді.

«Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық іс-шаралар өткізбеуге және қатыспауға, суық тигізіп алмауға, індеттің алдын алу шараларын сақтауға шақырамын. Елдегі эпидемиологиялық жағдай әрқайсымызға байланысты, сондықтан маска тағып жүріңіздер, әлеуметтік ара қашықтық пен гигиена талаптарын сақтауларыңызды сұраймын», - деді министр.

Источник ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 258 раз