Воскресенье, 29 ноября 2020 10:42

Біздер жаңа, заманауи Қазақстанды құрудамыз

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Тәуелсіздік – халықтың басты байлығы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ және «Намыс» саяси клубы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына «Намыс» саяси клубының мүшелері, тарихшы ғалымдар, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, ҚР Тәуелсіздігінің құрдастары, студент және оқушы жастар қатысты.

Сөз сөйлеушілер:  Ш. Уәлиханов  атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты - М.З. Өтегенов,   Қазақстан  халқы  Ақмола  ассамблеясының  мүшесі, Көкшетау гуманитарлық–техникалық  лицейінің директоры - Н.Г. Дементьева,  М.Жұмабаев  атындағы облыстық кітапхана қызметкері - Н.А. Ташкенова, тәуелсіз, егемен Қазақстанның қалыптасуының негізгі  кезеңдері,   Қазақстан Республикасының  Тұңғыш  Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті жандандырудағы, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізудегі, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтаудағы рөлі туралы әңгімеледі.

Тәуелсіздіктің   құрдасы,    бағдарламашы    Бекбаев   Абылай,  Ш. Уәлиханов атындағы КМУ студенті, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының мүшесі Вебер Владислав, гуманитарлық-техникалық лицейдің оқушылары - Орлова Ольга, Боровская Анастасия, Цихоцкая Евгения және Усманов Руслан жастардың жас мемлекеттің болашағы үшін жауапкершіліктері, оның әлеуметтік, саяси және мәдени-білім беру бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысуы, жаңа заманауи Қазақстанның құрылуы жайында сөз қозғады.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 195 раз