Суббота, 28 ноября 2020 17:10

Табиғатты аялайық! Өңір басшысы қазақстандықтарға үндеу жолдады

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Туризмді дамыту басымдыққа ие. Бұл тұтастай экономикалық бағыт. Ақмола облысы курорттардың бестігіне кіреді. Өйткені, табиғат тауларға, көлдерге, ормандарға бай. Өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жазда қиын болғанын, ТЖ, блокпосттар қойылғанын атап өтті. Туристер үшін арнайы ұсыныстар әзірленді. Олар жабық аймаққа қонақ үйлер мен санаторийлерге алдын ала тапсырыс беріп, кіре алды.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, Бурабай аймағында инженерлік желілер мен жаңа коммуникациялардың құрылысы белсенді жүргізілуде. Швейцария мен БАӘ инвесторлары жаңа бірегей туристік нысандар салуда. Бірақ ішкі туризмде біраз мәселелер бар.

«Көбейтұз көлі, біздің қызғылт көл, әлемде ондай көлдер үшеу-ақ. Оны білетін адамдар аз еді, бірақ елімізде жүріп, Ақмола облысымен және Астана маңыдағы өңірмен таныса бастады. Не болғанын өздеріңіз де блесіздер. Варварлық іс-әрекет. Біздің кейбір азаматтарымыз асқан мәдениетсіздік танытты. Әр сапардан кейін біз көлді қоқыстан тазартып отырдық, ондай жағдайлар болды. Бұл жағдайға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы назар аудармағанша, ол тыйым салды, біз көлді жауып тастадық. Бүгінде оны ерекше қорғалатын аймаққа айналдыру үшін құжаттама әзірлеп жатырмыз. Сілеті көлінде де осындай жағдай орын алған. Бұл да жаңа бағыт еді. Адамдар келіп, демалады, бірақ, өкінішке орай, әр демалыс сайын көлді ретке келтіру біз үшін үлкен проблемаға айналды. Қысқы туризм де солай. Сондықтан баршаңызды табиғатқа қамқорлық қарауға шақыамын, осының бәрін ұрпақтарымызға қалдыруымыз керек, сонда олар да осындай керемет табиғат сыйын көре алады», - деді Маржықпаев өңір қонақтары мен тұрғындарына.

ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 281 раз