Суббота, 28 ноября 2020 17:04

Ақмола облысында коронавируспен күреске 16 млрд. теңге бөлінді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысында бірқатар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, сауда үйлерінің жұмысы шектелді, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтілді, 76 мониторингтік топ жұмыс істейді, облыс орталығының периметрі бойынша 6 санитарлық бекет орнатылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі КВИ таралуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы баяндады.

Қазір облыста ПТР-талдау алатын 6 зертхана жұмыс істеп тұр. Олардың резервтік қуаты тәулігіне 7 мыңға дейін сынақты өңдеуге мүмкіндік береді, бүгінде олар 2 мың тест жасайды. Мыңнан астам төсек-орын дайындалды, резервте 5 мың төсек бар.

«Аз уақыттың ішінде 200 орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынды, штат жасақталды, қазір медициналық мекеме науқастарды қабылдап жатыр. Сондай-ақ, ол жерде, 2 аптаның ішінде коронавирустық инфекциясын жұқтырған үш жүкті әйел босанды, дүниеге келген нәрестелер сау, босану қиындықтарсыз өтті. Әрине, Үкіметтің қолдауымен медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша өңірде үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, ӨЖЖ аппараттарының саны 2,5 есеге, оттегі концентраторларының саны 5 есеге артты, қосымша 4 рентген аппараты сатып алынды. Аудандық ауруханаларда қазір 11 жылжымалы диагностикалық кешен бар, ал жедел жәрдем автопаркі 58 жаңа машинамен толықтырылды. Дәрігерлеріміздің ерен еңбегі назардан тыс қалмайтыны өте маңызды. Ел Президентінің тапсырмасымен 4 мыңнан астам медицина қызметкеріне жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам үстемақы төленді», - деп атап өтті өңір басшысы құрылысы жүргізіліп жатқан басқа да денсаулық сақтау объектілерін атап өтіп.

ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 199 раз